Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1287/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1283   1284   1285   1286   1287   1288   1289   1290   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

16.4.2. ФЕНОЛКЕТОНУРИЯ
Фенолкетонурия (ФКУ, фенилпирожүзімді олигофрения).
Моногенді
аурудың классикалық үлгісі.
Негізінен ОНЖ-нің зақымдалуына әкелетін аминқышқылда-
рының алмасуының бұзылуымен сипатталады.
Алғаш рет 1934 жылы Феллинг
суреттеген. Популяциялық жиілігі Ресейде 1:10 000. Гетерозиготтар 1:50 жиілікпен
кездеседі. 
Этиологиясы.
 
Генокопия деп аталатын мутирленген геннің әртүрлі лакустарда
орналасуымен ФКУ-дің бірнеше түрлерін ажыратады. «Классикалық» түрінің (1 тип)
пайда болуы 12-ші хромосоманың ұзын иығында орналасқан (12q24.1) геннің өзгеруіне
байланысты. Бұл жағдайда фенилаланин-4-гидроксилаза ферментінің түзілуінің реттелуі-
нің бұзылуы байқалады. ФКУ-дің ІІ түрі 4-ші хромосоманың қысқа иығында (4p15.3)
орналасқан геннің мутация жағдайында пайда болады. Бұл жағдайда дигидроптеридинре-
дуктазаның түзілуі бұзылған. Аурудың ІІІ түрінде 6-пирувоилтетрагидроптерин синтаза
ферментінің тапшылығы орын алады. ФКУ-дың берілген барлық түрлері рецессивті
жолмен тұқым қуалайды. 
Патогенезі.

ФКУ-дің генотипіне қарамастан патогенетикалық құрылымының негізі


белк алмасуының, яғни дәлірек айтсақ, фенилаланиннің тирозинге айналуының бұзылуы.
Метаболикалық блок әсерінен организмде шектен тыс фенилаланин және оның туындыла-
ры - фенилпирожүзім, фенилсүт, фенилсірке қышқылдары, фенилэтиламин және басқалар
жинақталады. Жоғары концентрациядағы фенилаланин және, әсіресе, оның туындылары
баланың миының тіндеріне тікелей уытты (токсикалық) әсер етеді. Фенилаланин дұрыс
түзілмеу салдарынан пайда болған тирозин тапшылығы нейромедиатрлардың, сонымен
қатар тиреоидты гормондардың және меланин пигметтерінің түзілуіне әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1283   1284   1285   1286   1287   1288   1289   1290   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет