Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1318/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1314   1315   1316   1317   1318   1319   1320   1321   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диагнозы.
 
Зәрде фруктоза барлығын Селивановтың сапалы сьнағы немесе хромато-
графиялық әдіспен анықтайды. Бірақ фруктоза зәрде қатерсіз фруктозурия сияқты ауруда
да анықталатыны есте болғаны жөн, тек бұл кесел клиникалық көрініссіз жүреді. Көп
балаларда протеинурия, гипераминацидурия, лейкоцитурия анықталатынын ескеріп,
бүйрек пен заттек алмасу ауруларынан ажырату диагнозын жүргізу керек болады.
Фруктоза жүктемесі сынағына үлкен сақтыкпен қараған жөн, себебі ауыр дәрежедегі
гипогликемия әсерін әкелуі ықтимал. Тек диагноз қою аса қиынға соққанда ғана бұл
сынақты жүргізуге болады: фруктоза мөлшері 10г/м
2
-тан аспауы тиіс (0,3-0,5г/кг
есебінен). Сынақ оң кезінде фруктоза концентрациясы қанда 1,3г/ л-ден аса көтеріледі
(қалыпты жағдайда 0,25г/л-ден аспайды) де глюкоза күрт төмендейді (0,5ммоль/л-ден
кемуі сирек емес). Сынақ фруктоземия генінің гетерозиготты тасушыларында да оң түсуі
мүмкін. Таңертенгі тамақтың алды-артынан фруктоза мен глюкоза мөлшерінің қандағы
деңгейін (фруктозасы көп тағамдардан кейін) анықтаудың да өзіндік мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1314   1315   1316   1317   1318   1319   1320   1321   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет