Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


XIX ТАРАУ БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет1398/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1394   1395   1396   1397   1398   1399   1400   1401   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

XIX ТАРАУ
БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ
Балалар патологиясының жұқпалы аурулар ең жоғарғы орынды алады. 
Жұқпалы 
817


аурулар 

өте кең тараған аурулар, әр түрлі микроорганизмдермен шақырылатын,
контагиозды сипатты, инкубациялық кезеңі бар, клиникалық белгілерінің циклдық өтуі
және арнайы иммунитеттің қалыптасуы байқалатын аурулар тобы.
Инфекция, немесе инфекциялық процесс деп патогенді микрорганизммен макроорга-
низмнің қоршаған ортаның әсер ету жағдайында әрекеттесуін айтамыз. Осы процесстің
әсерінен организмің қоршаған ортамен тепе-теңдік жағдайы бұзылатын болса,
инфекциялық ауру пайда болады. Инфекция барлық уақытта арумен біліне бермейді.
Инфекциялық ауру инфекциялық процесстің бір түрі. Инфекциялық процесстің келесі бір
түрі, ол организммен микробтардың әрекеттесуі ешқандай білінбейтін тасымалдау
(бактериотасымалдаушы) болып келеді. Дегенмен, тасымалдауда организмнің жасырын
(инфекциялық аурулардағыдан кем қарқынмен) жауабымен, мысалы, антиденелердің
жиналуымен, білінуі мүмкін.
Инфекциялық ауру мен тасымалдау, бір біріне ауысуы мүмкін, инфекциялық
процесстің түрлері: инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін әртүрлі мерзімде
тасымалдаушылық қасиеті сақталады, керісінше тасымалдаушыда қоршаған ортаның
жағдайларының әсерінен, инфекциялық аурудың клиникалық белгілері байқалуы мүмкін.
Жедел инфекциялық ауруларға циклдік ағым тән ерекшелік.
Аурлардың ағымы
бірнеше кезеңдерге айқын бөлінеді:
инкубациялық,
немесе
жасырын, алғашқы
(продромдық) немесе
 алғашқы белгілер кезеңі, даму кезеңі, басыла 
(жазыла)
 бастау кезеңі
және
 сауығу 
(реконвалесценция)
 кезеңі
. Инкубациялық кезеңі қоздырғыштың ену кезінен
басталып, аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуымен аяқталды. Әртүрлі инфекцияда
оның ұзақтығы әртүрлі болады. Инкубация кезінде қоздырғыш көбейеді және уытты
өнімдер бөледі. Сонымен қатар, шектен тыс қоздырғыштар әсеріне жауап ретінде
организмде әртүрлі өзгерістер жүреді. Организмнің инкубациялық кезеңдегі өзгерістері
көзге көрінбейді. Дегенмен, морфологиялық, биохимиялық, зат алмасу, антиденелер түзілу
бұл өзгерістердің куәсі болып келеді. Алғашқы немесе продормальды кезең инфекциялық
ауруларда бола бермейді. Ол аурудың алғашқы айқын емес белгілерінің (аздап дірілдеу,
шамалы қызба, шамалы дімкәстік, басының ауруы және т.б.) пайда болуымен сипатталады.
Әдетте аурудың бұл кезеңінің ұзақтығы көп болмайды (1-3 күн).
Аурудың даму кезеңі біртіндеп бірізділікпен пайда болып, одан әрі дами беретін, со-
дан кейін басыла бастау кезінде біртіндеп жойыла бастайтын, оған тән белгілер кешенімен
сипатталады. Барлық инфекциялық ауруларға әртүрлі деңгейдегі қызба, қабыну процессі-
нің дамуы, ауыр немесе жеңілдеу уыттану белгілері тән болып келеді. Даму кезеңінде әр
инфекцияның өзіне тән белгілері (тері мен клегей қабаттарда бөртпелердің пайда болуы,
тиісті жергілікті өзгерістер, қанда антидененің пайда болуы және т.б.) пайда болады.
Сауығу кезеңінде біреулерде тез, ал, кейбіреулерінде біртіндеп барлық белгілер жойылып
кетеді. Дегенмен, организмнің барлық функциясының толық қалыптасуы кейде ұзаққа
созылып кетеді. Кейбір инфекцияларда (іш сүзегі, дизентерия, күл және басқалар) кейде
организм ұзақ уақыт қоздырғыштардан тазармайды (реконвалесцент тасымалдаушылар).
Инфекциялық аурулардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1394   1395   1396   1397   1398   1399   1400   1401   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет