Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1397/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1393   1394   1395   1396   1397   1398   1399   1400   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Алдын алу жолдары.
ВИЧ-инфекциясының арнайы иммундық алдын-алу жолдары
анықталмаған. Алдын-алу әрекеттеріне жататындары: 
— қан тапсыратындарды (донор), қауіпті топ адамдарын, шетелдіктер мен шетелден
қайтатын азаматтарды (егер ол жақта айдан аса тұрса) тексеру;
— ВИЧ-ке антиденелерді барлық жүкті әйелдерден іздестіру;
— Инфекцияға ұшыраған әйелдердің бала тууын бақылау және бұл туылған балаларға
емшек емізбеу;
Медициналық мекемелерде инфекция жұғудың алдын-алу тиісті эпидемиологиялық
режимді қатаң сақтау арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда мыналарды ескерген жөн:
1. ВИЧ таралуына қауіпті қан мен сілекей.
2. Ең қауіптісі – инфекиияға ұшыраған заттардың (материал) закымданған тері мен
шырышты қабаттардан өтуі.
3. Аурулармен қатынасқанда және олардан алынған биоматериалдармен жұмыс істей-тін
медицина қызметкерлері резіңке қолғап пен маска киеді. Бұған қоса, В вирустык
гепатит ауруларымен катынаста қарастырылған сақтық жайлары орындалады.
4. Қолғап, өзіне ғана арналған киімді шешкен соң, бұл орыннан кетер алдында
(потенциальды инфекциялық материалмен жұмыс істеген жер) міндетті түрде мұқият
қол жуу керек.
5. ЖИТС аурулары мен ВИЧ-инфекциясына ұшырағандарды ауруханаға жатқызған кезде
инфекция таралуын болдырмау іске асырылып, жоғары нерв жүйесі бұзылысы бар
ауруларды бақылап, күту шаралары орындалуы тиіс.
6. ВИЧ-инфекциялы балаларды емдеуде аспаптар мен шприцтер тек 1 рет қана
қолданылуы тиіс.
7. Үй-іші, киім-кешек және т.б. аурудан бөлінген заттармен ылғи дезинфекция жасалады
(натрий гипосульфитінің 5,25 % ерітіндісі, натрий гипохлоридінің 0,2 %
ерітіндісі, этил спирті).
ВИЧ-инфекциясымен күрес әрекеттеріне инфекцияға ұшырағандарды дер кезінде
анықтап, ауруларды мамандандырылған мекемелерге орналастыру жатады. Әдеттегі жай
сақтану ережелерін орындау аурулармен қатынасты толық қауіпсіз етеді.
Ремиссия бойында балаларға мектепке дейінгі ұжымдар мен мектепке баруына
болады. Бірақ 3 жасқа дейін балалар ұжымдарына қатыспағаны дұрыс, себебі бұл балалар
жеке күтімді, тәрбиені керек етеді.
ВИЧ-инфекциясына ұшырағандар туралы денсаулық сақтау қызметкерлеріне еш
мәлімет таратуға жол жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1393   1394   1395   1396   1397   1398   1399   1400   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет