Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1396/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1392   1393   1394   1395   1396   1397   1398   1399   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Болжамы.
Әдетте, ЖИТС-тің алғаш клиникалық белгілерінен өлімге дейін 2-3 жыл,
бірақ, бұдан ұзақ (5 немесе одан әрі) өмір сүруі де ықтимал. Перинатальдық кезеңінде
инфекцияға ұшырағандардың өмірі көбіне 5 жылдан көп болмайды. 2 жасқа дейін
оппортунистік инфекциялар қосылысы өлімді тездетеді.
ВИЧ-инфекцияға ұшырағандарды диспансерлік бақылау (КСРО ДСМ методикалық
ұсынысы «Балалар ВИЧ-инфекциясы», М., 1990) тұратын жерінде жүргізіледі: қалада
учаскелік педиатр, аудандарда аудандық педиатр.
Ұсыныста 3 топ бөлінеді: I – ВИЧ жұқтырғандар – аурудын клиникалық белгілері
жоқ; II – ВИЧ жұқтырғандарда клиникалық белгілері бар (ұзақ қызба, лимфоаденопатия,
көп терлеу, энцефалопатия т.б.); III – ВИЧ жұқтырғандарда оппортунистік инфекциялар
көріністері (пневмоцисталық пневмония, герпес-инфекция, цитомегалия, жайылмалы
кандидомикоз бұзылыстары және т.б.) бар. 
І-топ балаларын дәрігер 3 ай сайын қарайды. Жылына 1 рет оларды арнайы
стационарға жатқызады, мұнда толық бақылау-диагностикалық тексеріс жүргізіледі: ВИЧ-
ке антиденелер, Т- және В- лимфоциттермен қатар, хелперлерді, супрессорларды анықтау,
ЦИК, жалпы кан, зәр сынағы т.б. Клиникалық-иммундык тексеру корытындысы негізівде
алдын алу емін жүргізу мәселесі шешіледі. Бұл балалар жалпы режимде болып, жасына
сай қалыпты тамақтанады, ауру алдындағы жағымсыз жайлар, басқа аурулар болуы
ескеріледі. Физикалық ауырлық шектелмейді, мектепке баруына болады.
ІІ-бақылау топтың балалары мамандандырылған стационардан шығып, онда толық
клиникалық-иммундық диагнозы қойылған соң, оларды учаскелік педиатр айына 1 рет
қарайды. Олар аялы режимде болып, күндіз қосымша демалады. Оқушыларға үйде оқуға
рұқсат беріліп, емдік жаттығу ұсынылады. Тамақтану күніне 4 рет, емдәм құнарлы,
витамині мол болуы тиіс. Бұл топ балалары жылына 2 рет клиникалық-иммундық
тексеруден өтіп, мамандандырылған аймақ орталығында емделеді.
Ш-бақылау тобының балалары стационарда оппортунистік инфекциядан таза
жазылғанша немесе құбылыс тұрақтанғанша болады. Бұдан шыққан соң бұл балаларды
учаскелік дәрігер айына 2 рет жағдайына қарай қарайды. Қозғалыс режимі физикалық
даму, қосалқы аурулар мен олардың ауырлығына байланысты тағайындалады: қатаң
төсектік, жартылай төсектік, төсектік режим болуы мүмкін. Емдәм асқорыту ағзалары
жайына, диарея синдромы, тәбетіне және т.б. қарай шешіледі.
816


Бұл балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштеріне интеркурренттік ауру (ЖРВИ,
пневмония, пиелонефрит және т.б.) қосылуына байланысты хал-жағдайының нашарлауы
немесе оппортунистік инфекция пайда болып, оны емханада емдеу қиындығы, бұған қоса,
дистрофия үдеуі жатады.
ВИЧ-жұқтырғандарға хирургиялық, травматологиялык, стоматологиялык, офтальмо-
логиялық және т.б. көмек көрсету керек жағдайларында баланы тиісті ауруханаларда
қарайды. ВИЧ-инфекция ошағы отбасыларына отбасылық бақылау тағайындалады (тиісті
деректемелерді қараңыз). ВИЧ-инфекциясына ұшыраған балаларға алдын-ала егу мен
туберкулез сынақтарын жүргізуге болады (тек тірі вакциналарға мүлдем тиым салынады).
Бұндай ауруларға мынандай құжаттар тіркелуі тиіс: 1. Амбулаторлық аурудын
дәрігерлік кітапшасы (№112-у Ф). 2. Диспансерлік бақылау кітапшасы. 3. Есеп-тіркеу
кітапшасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1392   1393   1394   1395   1396   1397   1398   1399   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет