Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1405/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1401   1402   1403   1404   1405   1406   1407   1408   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

19.2. Ж Ә Н Ш А У
Қоздырғышы

А тобының β-гемолитикалық стрептококкы, сыртқы ортада
тұрақты болып келеді. 
Эпидемиолгиясы.
Инфекция ошағы ауырудың басталғанына 10 күнге дейінгі науқас
адам.
Жұқтыру жолдары
: ауа-тамшы, тұрмыстық-қатынас жолдары. Қатынастық индексі
жоғары емес. Жұғу қаупі стрептококктің вирулентілігіне және уыттылығына байланысты.
Көбіне 1-ден 7 жасқа дейінгі балалар ауырады. 
Иммунитет. 
Қайталап ауру байқалуы мүмкін. 
Патогенез.
Көбіне инфекция жоғары тыныс жолдары, бадамша бездер
(миндалиналар), сиректеу зақымдалған тері арқылы өтеді. Енген жерінде микроб тіндерде
қабынулық және өліеттену процессінің пайда болуына ықпал етеді. Лимфатикалық және
қан тамырлары арқылы қоздырғыш регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Қанға түскен
гемолитикалық стрептококктің улары нерв жүйесіне, жүрек және тамырларға тропизм
қасиетінің болуына байланысты жалпы уыттану белгілерінің, бөртпелердің, орталық және
вегетативті нерв жүйелерінің және жүрек-тамыр жүйесінің зақымдалуының пайда
болуына ықпал етеді. 
Жіктелісі.
Түрі бойынша типті және типті емес (экстратонзилярлы, көмескі түрлері)
болып бөлінеді. 
Ауырлық дәрежесі бойынша
жеңіл, орташа ауыр, және ауыр түрлері
болады.
Ағымы бойынша 
тегіс 
және
 асқынулы
(лимфаденит, отит, синусит, некротикалық ангина,
бронхит, пневмония, ревматизм, гломерулонефрит) деп бөледі. А тобының гемолитикалық
стрептококкоының ең ацыр асқынуы болып токсикалық шок синдромы есептелінеді:
гипотензия, тамыр ішінде шашырап ұйыу синдромы, олигоурия және жедел бүйрек
жетіспеушілігі синдромы, тыныс бұзылыстрының ересектік түрі болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1401   1402   1403   1404   1405   1406   1407   1408   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет