Лабораториялық анықтау
. Өзіне тән гемограмма ерекшеліктері болады:
лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз, плазматикалық жасушалар. Серологиялық зерттеу:
Қызамық вирусына иммуноглобулиннің титрін анықтау.
Үйде емдеу
. Қызба кезінде төсектік режим. Диета жанашырлық, сусынды көп ішкізу
керек. Дәрі-дәрмектік ем белгілеріне сәйкес жүргізіледі.
Ауруханада емдеу
көрсеткіштері: қызамықтық менигоэнцефалит, артрит, жабық
балалар мекемелерінен түскен балалар.
Болжамы
жағымды. Сауығу шектері: сырқаттың барлық белгілері жойылып кеткен-
нен кейін және асқынулары болмаса, 7 күннен кейін сауығу сатысы деп есептелінеді.
Асқынған түрлерінде бақылау – 1 айға дейін алдын-ала егу жүргізілмейді.
Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқас бөртпе шыға бастағаннан бастап 7 күнге
оңашаланады. Қатынаста болған адамдар 21 күн карантинде болады. Қызамықпен ауырған
адаммен қатынаста болған жүкті әйелге серологиялық зерттеу (әсәресе алғашқы 3 айлықта
өте маңызды) жүргізу маңызды. Дезинфекцияны қажет етпейді.
Иммунизация.
Қызамыққа қарсы егуге болатын «Рудивакс», «Мерувакс» вакцинала-
ры сынақттан өткен. Үшвакциналық егу (қызылша, паротит, қызамық) жұмысын жүргізу
керек деген ұсыныстарда бар.
Достарыңызбен бөлісу: |