Клиникалық көрінісі.
Аурудың ағымында 11-21 күнге созылатын инкубациялық, 0-1
күндік алғашқы (продормальды), 4-6 айқын даму, 1-2 апталық сауығу кезеңдерін анық-
тайды. Айқын даму кезеңі, әдетте шамалы біленетін, жалпы интоксикация синдромымен
(дене қызуы, әдетте, субфибрильді), катаральды синдромымен, экзантемамен, лимфаде-
нитпен сипатталады. Катаральды синдром ринитпен, фарингитпен, коньюктивитпен
білінеді. Сырқаттанудың бірінші күнінен бастап мөлшері 3-5 мм, ұсақдақты, қызылтүсті
бөртпелер пайда болады
(128 сурет).
Бөртпелер барлық денесінде байқалады, дегенмен сүйікті орналасатын жері беттің
(ауызмұрын ұшбырышында қамтиды), арқаның, құйрықтың, қол-аяғының жазылу
беттерінің терілері болып келеді. Бөртпелер 1-4 күн бойына боладыда, содан із-түссіз
жойылып кетеді. Шеткі, әсіресе, шүйде және артқымойын аймақтарында орналасқан
лимфа түйіндерінің диаметрінде 1-2 см-ге дейін бөртпе пайда болғанша 1-2 бұрын немесе
бөртпелену кезінде, ұлғаюы тек қызамыққа ғана тән белгі болып келеді. Бөртпелер бетте,
мойында пайда болып, тез арада бірнеше сағат ішінде барлық денеге тарайды. Бөртпелер
көбіне қол-аяқтардың жазғыш (сыртқы) беттерінде, арқасында, құйрығында орналасады.
Іште, кеудеде, әсіресе бетте сирек болады. Бөртпелер дөңгелек немесе овал тәріздес, кейде
терінің үстінен сәл көтеріліп тұратын дақ түрінде болады. Олардың мөлшері түйреуіш
басынан жасымық мөлшеріне дейін болады. Біреулерде ұсақ, біреулерде үлкендеу
элементтер басым болады. Бөртпелер қосылуға бейім болмайды.
Бөртпелер 2-3 күнде пигментация қалдырмай жойылып кетеді. Бөртпелену дене
қызуының 38
о
дейін дене қызуының көтерілуімен қосарланады.
830
128 сурет
. Сырқаттың денесінде қызамықта байқалатын ұсақ дақ-папулалық бөртпе
Достарыңызбен бөлісу: |