Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1419/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1415   1416   1417   1418   1419   1420   1421   1422   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі
. Сырқаттың ағымында
инкубациялық
кезең
(11-21 күн, әдетте
14-16 күн), 
алғашқы
(продормальды)
кезең
(0-1күн), 
аурудың даму
және
бөртпелену
(4-7
күн),
сауығу кезеңдерін
бөледі. Сырқаттың клиникалық көрінісі қызбамен, ауырлық
дәрежесін анықтайтын жалпы интоксикациялық синдромымен, 10 күнге созылатын тері-
эпителиальды синдроммен сипатталады. Диагностикада бөртпелердің сипатын анықтау
маңызды болып келеді. Желшешектік элементтер бірден шықпайды, арасына 1-2 күн
салып, толқын тәрізді, теріде бөртпелердің әртүрлі сатыларындағы элементтерді (дақ-
папула, көпіршік, қабық) көруге болады 
(129 сурет).
Желшешекте бөртпе дене қызуының жоғарлауымен бірге немесе шамалы уақыт
өткен соң шығады
(129, 130, 131, 132 суреттер)
. Көбіне алғашқы көпіршіктер дене қызуы
қалыпты кезде шыға бастайды. Бөртпеленудің айтарлықтай реті жоқ. Бөртпе бетте,
бастың шашты бөліктерінде, денеде және аяқ-қолда пайда болады.
129 сурет
. Желшешек: барлық элементтер бірден көрінеді - қызарған негіздегі
везикула.
Алақанда және табандарда тек бөртпе өте көп болғанда бірең-сараң бөртпелерді
анықтауға болады. Бөртпе элементтері басындамакуло-папула сипатты болса, тез арада
(бірнеше сағат ішінде) везикулаға айналады. Кейбір кішкене папулалар везикула сатысыз-
ақ кеуіп қалады. Желшешек везикулаларының мөлшерлері әртүрлі (түйіреуіш басынан
үлкен горохқа дейін) және дөңгелек немесе овал формалы болады. Көпіршіктер беткей
инфильтрацияланбаған негізде орналасады, қабырғасы кернелген, жылтырауық, ішіндегі
сұйықтық мөлдір болып келеді. Кіндік тәріздес батық кейбір элементтерде ғана
байқалады. Көпіршікті тескенде, өзі бір камералы болғандықтан, ішіндегі сұйықтықтан
босайды. Везикулалар тез (1-2 күннен кейін) құрғайды. Олардың орнына 1-3 аптадан кейін
түсіп қалатын, қоңыр түсті қабық пайда болады. Қабықтар түсіп қалғаннан кейін тыртық
қалмайды.
 
Желшешектік бөртпелер бір уақытта емес, 1-2 күнде толқын сеқілді шығатын
болғандықтан, бөртпелер полиморфты сипат алады: бір шектелген тері аймағында бір
832




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1415   1416   1417   1418   1419   1420   1421   1422   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет