Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1442/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1438   1439   1440   1441   1442   1443   1444   1445   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Вакцинация

3 айдан 14-15 жасқа дейін алдын ала егу күнтізбегіне сәйкес тірі әлсіз-
дендірілген поливалентті Сэбин вакцинасымен жүргізіледі.Вакцинация жасалғаннан кейін
тыныс жолдарымен 1-2 апта бойына, нәжіспен бірнеше апта шығады (экскрецияланады). 
19.11. ИЕРСИНИЯЛАРМЕН ШАҚЫРЫЛАТЫН АУРУЛАР
19.11.1. ИЕРСИНИОЗ
Қоздырғышы

иерсиния (Yersinia enterokolitica) сыртқы ортаға берік, химиялық
(дезинфекция жасайтын заттар) және физикалық (күн көзі, қайнату) факторлар әсеріне
сезімтал болып келетін грам теріс таяқша

Эпидемиологиясы.
 
Инфекция ошағы
– адам және жануарлар (әсіресе кемірушілер).
Таралу жолы:
тағамдық, су арқылы, қатынастық. 
Патогенезі.
Қоздырғыш инфекцияланған тағаммен немесе сумен ішек-қарынға
түседі де, аш ішекте орналасады. Эпителиальдық жамылғы арқылы ретикулоэндотелиаль-
ды тінге және мезентериальды лимфатикалық түйіндерге енеді. Инфекцияның жайылмалы
түрінде бауыр, талақ, өкпе, сүйек зақымдалады. Қоздырғыш лимфа түйіндерінде,
макрофагатрда персистенуі мүмкін. 
Жіктелісі.
Түрі бойынша:
ішектік, сарғыш, псевдоаппендикулярлы, буындық,
экзантемалы, септикалық. 
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауыр дәрежесі, ауыр. 
Ағымы бойынша:
жедел, қайталамалы (рецедивті).
Асқынулары:
гепатит, түйіндік эритема, аппендицит, миокардит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1438   1439   1440   1441   1442   1443   1444   1445   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет