Жіктелісі.
Түрі бойынша:
типті емес
- ОНЖ зақымдалуысыз (вирустасымалдаушы,
кіші ауру) және
типті
– ОНЖ зақымдалуымен (салданусыз түрі және салданулы түрі).
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауыр дәрежесі, ауыр түрі
. Ағымы
бойынша:
тегіс
(асқынбаған) және
екіншілік бактериальды инфекциямен асқынған.
Клиникалық көрінісі.
Шамамен 90-95% жағдайда полимиелиттің белгісіз ағымы
байқалады. Аурудың типті түрінде инкубациялық кезең 2 күннен 21 күнге дейін (әдетте 5-
14 күн), паралич алдындағы кезең (1 ден 6 күнге дейін), паралитикалық, қалыптасу кезеңі,
қалдықты көрініс кезеңдері болып бөлінеді. Клиникалық көрінісі келесі синдромдармен
білінеді . Жалпы интоксикация синдромында температура қисығының екі фазалы сипаты
тән (бірінші көтерілуі паралич алды кезеңінде, екіншісі-паралитикалық кезеңде).
Катаральды синдром ринитпен, трахеитпен, бронхитпен білінеді. Диспепсиялық синдром
құсу, сұйық нәжіс, іштің ауруымен өтетін іш қату түрінде білінеді.
Неврологиялық бұзылыстар синдромы адинамиямен, тері гиперстезиясымен,
менигиальды белгілермен, шеткі парездер мен параличтермен, тремормен, нистагмен,
құрысумен , бульбарлық бұзылыстармен, мимканың бұзылуымен білінеді.
Полиомиелитке қарсы егілген балаларда полимиелит толық сауығып кетумен
аяқталатын жеңіл парездер түрінде білінеді. Дегенмен, кейбір балаларда ОНЖ айтарлық-
тай резидуальды-органикалық өзгерістер сақталып қалады. Сэбин тірі вакцинасымен
жасалған вакцинациядан кейін енжар паралич байқалуы мүмкін. Оларды полимиелит
вирусының вакцинальдық штаанмын анықтағанда және оған қарсы арнай антидененің
титрі 4 есе арытқанда вакцина ассоцияланған полимиелит ретенде қарастырады.
Полимиелиттің бұл түрінің ағымы жағымды, толық сауғып кетумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |