Алғашқы сағаттарда бөртпелер аяқ басында, балтырында, құйрығында пайда болады,
содан соң аяқ-қолына, бетіне және енесіне тарайды. Бөртпелер қып-қызыл, көкшіл,
дөңгелек немесе жұлдызша түрлі байқалады, олардың бірімен қосылуы мүмкін.
Үлкен қан құюлулар байқалады, кейін орнында олардың ойылып түсіп қалуына
байланысты, мүкістіктер мен тыртықтар пайда болатын, өліеттену (некроз) байқалады.
Менигококкцемияда буындар (полиартриттер), көз (увеит, иридоциклит, панофтальмит),
жүрек (энд-, мио-, перикардиттер), бауыр (гепатолеанальды синдром), бүйрек (пиелиттер,
гломерулонефриттер), бүйрек үсті безі (бүйрек безінің жедел жеістпеушілігі – Уотерхауз-
Фридериксен синдромы) зақымдалып, ТІШҰ- синдромы дамиды.
Менингококкты менингит (менигоэнцефалит) жедел басталумен, айқын жалпы ин-
токсикация белгілерімен, басының ауруымен, қайталап байқалатын құсумен, менигиальды
белгілермен (желке бұлшық еттерінің тартылуы, Керниг, Лесаж, Брудзинский белгілері,
үлкен еңбектің көтерілуі немесе пульсациясы) сипатталады. Ошақтық белгілер пайда
болса, энцефалиттің даму куәсі болады.
Менингитте 5-10% жағдайда науқастың өлуі байқалады. Науқастардың есту
қабылетінің төмендеуі 5-31 % жағдайда анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: