Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1432/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1428   1429   1430   1431   1432   1433   1434   1435   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық белгілері
.
Инкубациялық кезең 6 күннен 20 күнге (жиі 7-10 күнге),
алғашқы немесе катаральды кезең 14 күнге дейін, ұстамалы жөтелдің пароксизмальды
және инспираторлы ентігу кезеңі 1 ай және оданда көп, сауығу кезеңі 1-2 апта (1-2 айда
болуы мүмкін) созылады. Ауру субфибрильді көрсеткіштерге дейін қызу көтерілуден,
шамалы тұмаудан, құрғақ жөтелден басталады. 2 апта ішінде күшее түседі. Аурудың келесі
кезеңінде жөтел пайда болады. Спазмды жөтелдің кезеңді (периодтық) бірінен соң бірі
келетін, екпінмен (толчок) жүретін және кезеңді (периодты) ауысып тұратын, қиналып дем
алумен, яғни қырылдаған дыбыс шығаратын, репризбен ауысып шырышты қақарықпен
немесе құсумен аяқталатын ерекше механизмі бар. Жөтел ұстамасы кезінде науқас
қиналып, беті қызарып, тілін трубка тірізді етіп бүктеп шығарып, склерасына қан
құйылып, кіші немесе/ және үлкен дәреті жүріп, құсып қатты қиналып қалады
(133
сурет).
Ұстамааралық кезеңде кеудесінің эмфизематозды кеңеюі, баланың мазасызданып,
қозғыштығы көңіл аударады. Ерте жастағы балаларда осы ауруға тән жөтел ұстамасы
реприз байқалмауы мүмкін, бірақ жөтел кезінде тынысы тоқтап қалып, апноэ байқалуы
соның аналогы болып есептеледі. Сауығу жөтел сирейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1428   1429   1430   1431   1432   1433   1434   1435   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет