Эпидемияға қарсы шаралар.
Науқасты 3-4 аптаға оқшаулау. Қатынаста болғандарға
карантин салынбайды. Ылғалды тазалау жасалады. Науқасқа бөлек ыдыстар және күтім
заттары беріледі.
Дезинфекция
жүргізілмейді.
Сауығу критериялары
.
Дене қызуының тұрақты қалыптасуы, мұрынжұтқыншақта
қабыну процессінің жойылуы, лимфатүйіндерінің, бауыр және талақтың кішіреюі,
трансаминазаның қалыптасуы аурудың басталуынан 3-4 аптадан кейін байқалады.
Диспансерлік бақылау.
6 ай бойына жүргізіледі. Қайталап қан анализдері жасалады.
Алдын ала
егу бір жыл бойына жасалмайды. Күн көзінде ұзақ болмаған жөн.
Вакцинация
жоқ.
19.8. К Ө К Ж Ө Т Е Л
Көк жөтел
–
ауа-тамшы жолымен жұғатын, циклды ағымды, спазмды ұстамалы
жөтелмен білінетін жедел инфекциялық ауру.
Қоздырғышы.
Грам теріс Bordetella pertussis (Борде-Жангу) таяқшасы, қоршаған
ортада тұрақсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |