133 сурет
.
6 жасар баладағы көкжөтел (3-ші апта). Екі көз алмасының склерасына
қан құюлу.
Белгілеріне сәйкес ем
. Жөтелді арандатын түрткілерді жою, антигистаминді
препараттар (тавегил, супрастин), бронхолитиктер (эуфиллин, бронхолитин), жөтелді
басатын дәрілер (либексин, тусупрекс), тыныштандыратын дәрілер (реланиум немесе
басқалары) тағайындалады. Көкжөтелмен ауырған 6 жасқа дейінгі және асқынулар
байқалатын балалар ауруханаға жатқызылады.
Сауығу шектері.
Көкжөтелмен ауырған адам ауыру басталғаннан кейін 25 күн
бойына жұқпалы болып есептеледі. Ауыр жағдайларда педиатрдің, неврологтың,
пульмонологтің бақылауында болады. Профилактикалық егу жазылғаннан кейін 1-2 айдан
соң жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: