Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1434/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1430   1431   1432   1433   1434   1435   1436   1437   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Эпидемияға қарсы шаралар
. Науқасты, ауру басталғаннан кейін, 25 күнге оңаша-
ланады. Қатынаста болған 7 жасқа дейінгі балалар 14 күн бойына карантинде болады.
Алдын-алу
мақсатында, жасына және егілген-егілмегеніне қарамастан, жобамен
азитромицин немесе кларитромицин тағайындалады. Науқастың жатқан бөлмесін
күнделікті жинап, желдендіріп тұрады.
Иммунизация.
АКДС вакцинациясы. 3 айлықтан бастап үш рет 1,5 ай үзіліспен
жасалады. Ревакцинация 1,5 жылдан кейін жүргізіледі.
19.9. МЕНИНГОКОККТЫҚ ИНФЕКЦИЯ
Қоздырғышы
 

менингококк (Neisseria meningitidis), грам теріс диплококк:
тұрақсыз, қоршаған ортада тез өледі. 
Бірнеше топ қоздырғыштарын бөледі: A, B, C,X, Y,
Z, W-135, L
.
Эпидемиология.
Инфекция ошағы – ауру (әсіресе аурудың басында) және бактерио-
тасымалдаушылар. 
Инфекцияның жұғу жолы:
ауа-тамшы жолы. Қатынастық индексі онша жоғары емес.
Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға 5-5,5 болып келеді. Негізінен ерте жастағы
балалар ауырады.
Патогенез.
Инфекцияның кіретін жерлері – мұрынжұтқыншақ, сиректеу аран кілегеі
қабақтары болып келеді. Менингококктар жергілікті барьерді бұзып, лимфогенді жолмен
көп мөлшерде қанға түседіде, лейкоциттермен қосылып, қанмен организмге түгел жайы-
лады. Аурудың даму-дамымауы клеткалық және гуморальдық иммунитеттің жағдайына
байланысты. Комплементтердің терминальды компоненттерінің (С5-9), пропердин, аспе-
ниелер жетіспеушілігі байқалатын балалар менингококкқа ерекше сезімтал болып келеді.
Геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы, ТІШҰ синдромының пайда болуына әкелетін,
838


гемостаздың бұзылу процессіне байланысты жүреді. Менингококктар гемотогенді жолмен
гематоэнцефалотикалық кедергі бұзып өтіп, мидың жұмсақ қабатына жетіп, олардың қа-
бынуына әкеледі. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуында эндотоксиннің (менингококк-
тің клеткалық қабырғасының өнімі) және аллергизациялайтын заттың, сонымен қатар, ісік
өліеттену түрткісінің, интерлейкиндердің, тромбоциттерді активтейтін түрткілердің
алатын орны маңызды.
Жіктелісі.
Түрі бойынша:
Жергіліктенген
назофарингит,
жайылған
– менигит,
менигоэнцефалит, менингококкцемия болып бөлінеді.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл, орташа ауыр, ауыр
.
Ағымы бойынша:
тегіс
және
асқынулы
(жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі,
эпендиматит, ТІШҰ- синдромы, ми шемені, пневмония, артрит, отит және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1430   1431   1432   1433   1434   1435   1436   1437   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет