Эпидемиологиясы.
Инфекция ошағы болып арудың типті және типті емес түрлерімен
ауыратын адамдар, алғашқы белгілері көрінген күннен бастап 4-5 апта бойына есептеледі.
Инфекцияның жұғу жолдары:
ауа-тамшы жолы
. Қатынас индексі жоғары. Ауру
қаупі нәрестелік кезеңнен 5 жасқа дейін жоғары болып келеді. Иммунитет тұрақты, өмір
бойына созылады.
Патогенез.
Қоздырғыш жоғары тыныс жолдарының кілегей қабатына түседіде,
көбейеді. Қоздырғыш бөлетін улар тыныс жолдарының рецепторларын қоздырадыда,
жөтелдің пайда болуына және ОНЖ-де доминанты типтес қозу ошағының пайда болуына
ықпал етеді. Осыған ұзақ уақыт кезкелген бейарнамалы қоздырғыштан кейін спастикалық
жөтелге дайындығы сақталып қалады. Спастикалық жөтелдің пайда болуында көкжөтел
микробының аллергиялық әсерінің маңызында болуы мүмкін.
Жіктелісі.
Түрі бойынша
типті
және
типті емес
(көмескі және белгілерсіз) болады.
Ауырлық дәрежесі
.
Жеңіл, орташа ауыр, ауыр
болып бөлінеді.
Ағымы бойынша
тегіс (асқынбаған)
және
асқынған
(апноэ, мида қан айналым
бұзылыстары, эмфизема пневмотаркс). Сонымен қатар, асқынулары пневмонияны,
құрысуларды, энцефалитті қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |