Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1454/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1450   1451   1452   1453   1454   1455   1456   1457   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Болжамдары
:
Сауығу, жеделдеу ағымы, көп жылдары вирус тасымалдау-шы

және С гепатиттері),
созылмалы түріне, бауыр циррозына, цирроз ракқа ауысу, өлу
. А
және Е гепатиттерде созылмалы гепатиттке және циррозға ауысу кездеспейді.
Клиникалық көрінісі.
Гепатит А.
Жасырын кезеңі,
әдетте 15-30 күнге созылады.
Бастапқы (сарғаю алды) кезеңі
жиі 3-8 күн болады және қызба, интоксикация белгілері-
мен (шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, ұйқышылдық, әлсіздік, басының ауруы, тәбеті-
нің төмендеуі, бұлшық еттердің ауруы), ішінде жағымсыз сезімдердің пайда болуымен,
жүрек айнуы, құсумен, іш қатумен, зәрінің қоңыр түстенуімен және нәжісінің түссізденуі-
мен сипатталады. Науқастанған балалардың шамалы бөлігінде мұрынжұтқыншақ жағынан
қатаральды көріністер байқалады. Бауыры өсіп, пальпациялағанда ауырсынуы байқалады.
Осы кезде қан сарысуында трансаминазылар, арнай IgM деңгейінің артуы байқалады. 
Сарғаю пайда бола бастағанда 
(айқын кезеңі, сарғаю кезеңі)
интоксикациялық белгі-
лердің айқындылығы төмендейді. Сарғаю, әдетте жеңіл немесе орташа болады. Билирубин
деңгейі 50 және 100 мкмоль/л-ден (фракцияларына сәйкес). Бауыр айтарлықтай ұлғаяды.
Нәжісі, әдетте түссіз болады. Зәрі қара түсті болады. Кейде, сиректеу науқастардың
талағының ұлғайғаны анықталуы мүмкін. Басқа мүшелерде өзгерістер анықталмайды.
Сарғаю кезеңі, әдетте 10 күнге созылады да, одан әрі билирубин деңгейі және қандағы
бауыр ферменттерінің активтілігі төмендейді. Сауығу кезеңі шамамамен 2-3 айға
созылады. Сиректеу (3-5%) гепатит А жеделдеу дамиды, бірақ бұл науқастарда 6-12 айда
тәуір болады. Американдық педиатрлардың мәліметі бойынша 6 жасқа дейінгі науқас
балалардың 70%, одан ересек балалардың 30%-да гепатиттің сарғаюсыз түрі байқалады.
Гепатит А-ның фульминантты ағымы, бауыры бұдан айтарлықтай зақымдалған балаларда
байқалады. Ересек адамдардың, ертеректе гепатитпен ауырғанының куәсі ретінде, 70%-да,
тіптен одан көбінде гепатит А вирусына IgC -антиденесі анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1450   1451   1452   1453   1454   1455   1456   1457   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет