Перинатальды гепатит В. Егер жүкті әйел бірінші триместрде гепатит В
ауырса, туа біткен туа біткен гепатит В пайда болу қаупі өте төмен, ал екінші триместрде
болса нәрестелердің ¼ бөлігінде байқалады, ал үшінші триместрде анасы ауырса туа
біткен гепатит В біліну қаупі 2/3 нәрестелерде байқалуы мүмкін. Бала көбіне туылу
жолдары арқылы өткенде жұқтырады.
Гепатит С. Балалардың көбінде HCV-инфекция симптомдарсыз өтеді немесе белгілері өте аз болып келеді . Егерде гепатит С жедел басталса гепатит А ұқсас болады (5
кестені қара ). Сарғаю өте сирек байқалады (15-40% балаларда ғана болуы мүмкін). HCV
-инфекцияның персистенциясы, тіптен бауыр функциясы толық қалыптасқан болсада,
гепатитпен ауырған балалардың 75-85%-да байқалады. HCV-инфекциясын тасымалдау-
шылар ішінде 60-70% жағдайда созылмалы гепатит, 10-20% бауыр циррозы, гепатоцел-
люлярлы карцинома балуы мүмкін. HCV-инфекциясын тасымалдаушы аналардың
балаларында 4-5% жағдайда туа тікен гепатит болуы мүмкін.
Гепатит D. Сыртқы қабығы гепатит В-ның беткей антигені (HBsAg) болып келетін
дельта-вируспен шақырылады, сондықтан Гепатит D В гепатитімен ауыратын немесе
HВsAg тасымалдаушыларында байқалады. Клиникалық белгілері гепатит В бірдей болады