Гепатит В-нің қатерлі түрі
(фульминантты түрі)
бір жасқа дейінгі балалар-
да және есіртке қолданатын (наркоман) жасөспірімдерде кездеседі. Ауру жедел басталады:
дене қызуы 38-39
о
С дейін көтерілетін қызба, интоксикация белгілері (енжарлық, адина-
мия, мазасызданумен кезектесіп тұратын ұйқышылдық), айқын диспепсиялық бұзылыстар
(кекіру, құсу). Сарғаю алды кезеңінің ұзақтығы бір апта шамасындай.
Сарғаю кезеңі
бауырдың мөлшерінің ұлғаюымен және сарғаюдың қарқынының тез
артуымен, психомоторлық қозумен, қан аралас қайталап құсумен, іштің кебуімен, гемор-
рагиялық синдроммен, қызбаның, диурездің төмендеуімен сипатталады. Құрысудың,
токсикалық тыныстың, бауырдың кішіреюімен бауырлық істің пайда болуы – кома
алдының алғашқы белгілері болып келеді.
Прекомада
– психомоторлық қозумен, тремор-
мен, кейбір бөлек бұлшықеттер тобында құрысулық қимылдармен, құрысулармен қатар
кезеңдік ақыл-есінің жойылуымен, адинамия, ұйқышылдық байқалады. Көз қарашығы-
ның, жарыққа реакциясы сақталған, іш рефлексі анықталмайды. Прекомалық жағдай
бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады. Кома-1 санасы толық жойылып, бала
мазасызданады, қарағанда жауап болмайды, көз қарашығы тарылады, жарыққа реакциясы
енжар болғанда қойлады. Жұтынуы бұзылмайды. Ауырсыну қоздырғыштарына жауабы
сақталады. Геморрагиялық синдром, ауызынан шыққан бауыр исі, ішінің кебуі, үдей түсіп,
олигоурия пайда болады. 1-2 тәуліктен кейін кома-2 ауысады. Бұнда ауырсыну
қоздырғыштарына жауабы болмайды, кеңейген көз қарашығының жараққа реакциясы
жойылады, Куусмауль немесе Чейн-Стокс тынысы, күрт тахикардия, құрысулар
байқалады. Кома бірнеше сағаттан тәулікке дейін созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |