Емі
.
Гепатиттердің арнайы емі жоқ. Негізгі ем бөліктеріне күн тәртібін сақтау
(орташа ауыр және ауыр түрлерінде төсектік режим, жеңіл түрінде – жартылай төсектік
режим) және емдәмдік шектеулер (қиын еритін майлар мен майлы тамақтарды, колбасаны
және басқа өндірістік консервілеу өнімдерін, ашытқыларды, тәттілерді, саңырауқұлақтар-
ды, шокаладтарды шектеу); көкөністер, жемісжидектер, бал, шырындар, мусстар, ащы сүт
өнімдері, «қорғалмаған» жармалардан дайындалған ботқалар пайдалы болып келеді.
Дәрумендер, холекинетик тобындағы өт айдаушы дәрілер (минеральды сулар, магний
сульфат) қолданылады. Науқастардың көбі инфузиялық емді қажет етпейді. Гепати В
орташа ауырлық және ауыр дәрежедегі түрлерінде инфузиялық ем, парентеральды
интерферон, кейде глюкокортикоидтар, сарғаюдан кейнгі кезеңде – эссенциале, гептрал,
карсил, легалон қолданылады.
143 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: |