қабынуына, уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып, тарауына өте
қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады.
Ересектерге қарағанда, баланың өкпесінің
тыныстық беті үлкен болып келеді. Өкпе арқылы 1 минутта, үлкендерге қарағанда, қан көп
мөлшерде өтеді. Бала өмірге келерде ацинус
(48 сурет)
,
яғни, өкпенің тыныстық бөлігі (ол
3 қатарлы
респираторлы бронхтардан, альвеол жолдарынан, альвеол қабынан тұрады),
әлсіз дамыған. Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол тыныстың
негізгі функциясы болып есептелінеді. Альвеолдар бала өмірге келгенге дейін 4-6 жетіде
қалыптаса бастайды да, 1-ші жыл бойына көбейеді және 8 жасқа дейін көбеюін
тоқтатпайды. 8 жастан соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есебінен жүреді. Бала жаңа
туған кезде терминальды бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе, 4 жаста 3 есе,
18 жаста 5 есе үлкейеді. Бронхтардың жіңішке болуы
себепті жас балаларда өкпе
ателектазы жиі кездеседі.
Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады.
Сол өкпе 2 бөліктен тұрады – үстіңгі және төменгі. Өкпенің барлық бөліктері бір
мезгілде жетілмейді. Бір жастағы баланың сол өкпесінің жоғарғы бөлігі нашар жетілген,
ал оң өкпесінің жоғарғы және орта бөліктері бірдей көлемде жетілген.
2 жаста өкпенің әрбір бөліктерінің көлемдері, үлкендердікі сияқты,
бір-біріне
сәйкестенеді.
Кеңірдек оң және сол бронхтарға бөлінгеннен кейін,
оның әрқайсысы бөлек
бронхтарына бөлінеді, олар өкпенің әрбір бөлігіне барады.
Достарыңызбен бөлісу: