Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет285/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Мұрынды қарау
әдісі 
– баланың басын шалқайтып, мұрын ұшын көтереді де мұрын
қуысының кіре берісін қарайды. Егер қабыршақтар болса, вазелин майына батырылған
мақтамен сүртіп, алып тастайды, мұқият тексергенде мұрыннан бөлінетін «секрецияны»,
бөгде денені анықтайды және мұрынның тамыр өрімдерінің жағдайын бағалауға болады.
Кішкене сәбилерді, қажет болса, көмекші медбике немесе анасы шалқайтып ұстап
отырады.
Жұтқыншақты қарау әдісі.
Тексеруді тілшіктің, бадамша бездің және жұтқыншақ
иінінің кілегей қабатын қараудан бастайды. Бала ыңғайланып отыруы керек. Көмекші
медбике немесе анасы баланың денесін жаялықпен орап, екі аяғын өзінің аяқтарын
арасына салып, қысып алдына отырғызады
(52 сурет).
4-5 жастан асқан баланы
орындыққа отырғызады. Жарық баланың бетіне түсетіндей болуы керек
(53 сурет).
Дәрігер балаға қарсы отырады, сол қолымен басын қозғалтпай ұстап, оң қолындағы
шпатель немесе қасықтың сабымен тілін басады. Бала аузын қатты керіп, ашуы қажет. Кей
жағдайда бала аузын ашып қатты дем алу үшін баланың мұрынын қысуға тура келеді. Егер
бала аузын қатты қарыстырып ашпай қойса, шпателді тістің ең шетіне дейін жылжытып,
ауыз қуысына кіргізуге болады. Бала аузын ашқаннан соң мұқият ауыз қуысын қарайды
(кілегей қабығы, тіл, бадамша без және жұтқыншақ).
Қалыпты жағдайда кілегей қабаты тегіс, жылтырақ, ашық қызғылт түсті болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда лимфоидты тіннің шамадан тыс өсуі байқалады,
сондықтан, бадамша без қарағанда алдыңғы жұтқыншақ иінінің артына кіріп тұрады.
Ауыз қуысын қарағанда жұтқыншақ пен бадамша безге көңіл аудару керек. Балалар
арасында баспа (ангина) жиі кездеседі. Ангинаның түрлері: катаральды, фоликулярлы,
лакунарлы, сонымен қатар спецификалы, жұқпалы болады. Катаральды баспа: жұтқыншақ
қызарады, иіндері, бадамша безі ісіп, үлкейеді. Ол, әдетте, жедел респираторлы вирусты
жұқпалы аурулармен қатар жүреді. Кішкене сәбилерде тамақты қарау ең соңында
жүргізіледі.
Фоликулярлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет