Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Б. Екінші (өндірістік) ашытқыны дайындау



Pdf көрінісі
бет490/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

 
Б. Екінші (өндірістік) ашытқыны дайындау.
40-45
о
дейін салқындатылған
пастериза-цияланған сүт, 950мл сүтке 50мл ашытқы деген есеппен, аналық ашытқымен
ашытылады. Сосын жақсылап араластырып, ұйығанша 40-45
о
температурада қойылады.
Ұйығаннан кейін 1,5–2,5 сағаттай қышқылдығы Тернер бойынша 80-90
о
жеткенше
бөлмеде (15–18
о
) ұстайды. Содан кейін 6-8
о
дейін салқындатып, сол температурада
қолданғанша сақтайды. 
Сүт
 
шыныларға құйылып, тығындалып, қызуымен өңделіп, суытылады, этикеткасы
жапсырылып, 2-10
о
2 күн бойы сақталады.
Қайнатпа қосылған сүт.
1 литр Б-күріштің, Б-сұлының және Б-қарақұмықтық
құрамы: сүт – 500 мл, қант сиропы – 50 мл, қайнатпа (күріш, сұлы, қарақұмық) – 450 мл. 1
литр В - күріштің, В - сұлының, В - қарақұмықтың құрамы: сүт - 665 мл, қант сиропы -50
мл, қайнатпа (күріш, сұлы, қарақұмық) - 285 мл.
Дайындауы:
Шикі сүтке салқындатылған қайнатпа және қант сиропы қосылады.
Қоспаны жақсылап араластырып, шыныларға құйып, аузын тығындап, қызуымен өңдейді,
этикеткасын жапсырып, 2-10
о
жылылықта 1 тәулікке дейін сақтайды.
Айран.
Басқа ащы сүт тағамдары сықылды арнайы бөлінген бөлмелерде (бокс)
дайындалуы керек. 1 л айранның құрамы: 950 мл айран, 50 мл ашытқы.
Дайындауы: 
Айран екі тәсілмен дайындалады.
1.
Пастеризациял
анып, 24-28
о
дейін салқындатылған сүтке ашытқы қосылады. Жақсылап араластырады.
Стерильді шыныларға бөліп құйып, этикеткасын жапсырады. Мезгіл-мезгіл сілкіп,
араластырып 18-20
о
ұйығанша қояды. Ұйығасын, салқын бөлмеге (2-10
о
жылылық)
шығарып, 2-3 күн сақтайды. 
2.
Сүт
шыныларға құйылып, тығындалған күйінде пастеризацияланады да 24-28
о
дейін
салқындатылып, ашытқы құйып, мұқият араластырады. Тығындап, этикеткасын
жапсырып, бірінші әдістегідей сақтайды. Бір және екі күндік айран қолданылады. Бір
312


күндік айран ашытқысын 24 сағаттан, екі күндік айран 48 сағаттан соң дайын болады. Бір
күндік айранның қышқылдығы Тернер бойынша 80-90
о
, екі күндік айранның – 90-100
о
болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет