2)
ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде
көрсетілетін қызмет
терді алуға;
3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат
алуға;
4) бедеуліктен
емделуге, оның ішінде Қазақстан Республикасында
рұқсат етілген,
ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып
емделуге;
5) жыныстық жасушалар донорлығына;
6) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;
7) хирургиялық стерилизациялануға;
8) жүктілікті жасанды түрде үзуге;
9) өзінің ұрпақты болу
құқықтарын қорғауға;
10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу
аралығындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін
қажетті аралық жиілікке
қатысты шешімді ерікті түрде қабылдауға;
11) жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.
2. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ
имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.
3. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге
асыру кезінде басқа
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: