1- тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін немесе соттың шешімі бойынша
жалғастырылады.
95-бап. Дәрігерлік құпия 1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның
ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде
алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
2. Осы баптың
3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту,
кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны
құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.
3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды
өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-
зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайда-
лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.
4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды
өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:
1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-
қарау және емдеу мақсатында;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде;
3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала
тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;
4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек
көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;
5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді
деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі.
5. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты
автоматтандырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға жол берілмейді.
Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке
өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз,
оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.