Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Микоплазма – микоплазмалы пневмония қоздырғышын 1944 жылы М. Итон (АҚШ) ашқан. 4



Pdf көрінісі
бет720/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

3.
Микоплазма – микоплазмалы пневмония қоздырғышын 1944 жылы М. Итон (АҚШ)
ашқан.
4.
Pneumocyti carini (микроскопиялық паразит, Карини пневмоцистісі).
5.
Саңырауқұлақты факторлар (кандидомикозды). 
Ерте сәбилік жаста аталмыш пневмония қоздырғыштары не жеке этиологиялық
фактор есебінде, немесе түрлі ассоциацияланған түрінде кездеседі: микробпен - микроб,
вируспен - вирус, вируспен - микроб, вирус - микоплазмалы, микробты - пневмоцисттік
және басқалар.
Ерте жастағы балалардың пневмониясының патогенезінің өзіндік ерекшеліктер бар,
ол организмнің өзіндік реактивтілігі және қарсыласуымен, бала организімінің анотомия-
лық-физиологиялық ерекшелігімен айқандалады. Өкпенін функциялық элементтерінің,
оның сегментерінің жеткіліксіз жіктелуі бронхтардың эластикалық және бұлшық ет тінінің
әлсіз дамуы, сонымен бірге өкпе тінінде қан және лимфа тамырының болбыр дәнекер
тканін көп болатындығын ескерту қажет. 
Бронхтардың қорғаныс механизмдері, жыбырлағыш элителийдің функциясы және
жөтелу реакциялары әлсірейді, ол тыныс жолдарында секреттің түзілуінің тоқтауына және
онда микроорганизмдердің көбеюіне себепкер болады. Көмей кеңірдек, бронхтар салыс-
тырмалы тар, ал, кілегей қабығы қан тамырлары мен лимфа тамырларына бай, мұрынның
кілегей қабығының сәл ісуінен, мұрынның тар жолынан ауаның өтуі қиындайды. Сондық-
тан, бала ауыз арқылы демала бастайды. Ол өкпенің аэрогенді инфекциялануын жеңілде-
теді және тыныс алу жолдарының кілегей қабықтарының салқындауына әсерін туғызады. 
Сәбидің өмірінің алғашқы бірінші айлығында кеуде қуысынң тыныс алу экскурсиясы
әлсіз, ол қабырға аралық бұлшық еттердің көлденең орналасуна байланысты. Егерде осы
жастағы балалар көп уақыт көлденең жағдайда болатындығын ескерсек, онда неліктен
пневмонияның пайда болуын жеңілдететін өкпенің артқы төменгі бөлігінде қан
айналысының іркілісі болатындығы түсінікті болады. Ерте жаста тыныс алу бұлшық
еттерінің нервті реттелуі жетілмеген, сонымен бірге клеткалық және гуморальдық
имунитеттің жеткіліксіз болуыныңда маңызы бар.
Пневмонияның дамуына жағдай жасаушы факторлар болып төмендегілер саналады:
а) Эпидемиологиялық режимді сақтамау;
б) Тиімді тамақтанбау, күтімнің нашарлығы, күн тәртібінің тиімсіздігі;
в) Баланың салқындауы немесе ыссылауы;
д) Дене шынықтырудың жеткіліксіз болуы. 
Тыныс жеткіліксіздігінің пайда болу себептеріне альвеолда вентиляцияның азаюы,
альвеола-капиллярлық мембранадан газдардың диффузиясының шектелуі, периальвеоляр-
лы қан айналысының бұзылыстары жатады. Тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы,
саңалауда кілегейдің, іріңнің, эпителийдің десквамация өнімдерінің жинақталуымен және
өкпе тінінің ыдыраумен, сонымен бірге кілегей қабықтың ісінуімен (шеменімен), бронхтар
мен бронхиолалардың тарылуымен түсіндіріледі.
Альвеолалық вентиляцияның шектелуі альвеола қуысында экссудаттың және басқа
заттардың жинақталуына, сурфактанттың жетіспеушілігіне және альвеола қабырғасының
өзара жабысуына да байланысты болады. Тыныс жетіспеушілік және циркуляторлы
бұзылыс нәтижесінен гипоксемия мен гиперкапния пайда болады. Гипоксемия жағдайын-
да қара-пурпур түсті тотықпаған (қанықпаған) гемоглобин мөлшері азаяды. Сондықтан –
448


тері жамылғысы және кілегей қабықтарында цианоз пайда болады. Гипоксемия жүрек
бұлшық еттерінің вагустық әсерге сезімталдығын жоғарылатады, ал, ол жүрек
жұмысының кұрт әлсіреуіне, кейде жүректің тоқтап қалуына дейінгі жағдай туғызады. 
Козғалыс қозғыштығы, дірілдеу, кома, естен тану, гипертермия, анық бозару, кезеңді
түрдегі тыныс алу, тахикардия болуы мүмкін. Гиперкапния әсерінен демікпе күшейеді, ми
тамырлары кенейеді, ми сауыты ішінің қысымы көтеріліп (қатты бас ауру пайда болады)
вагус жүйесінің қозуы күшейеді де, брадикардия пайда болып, жүрек ырғағы бұзылып,
жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Гиперкапнияның әсерінен тері тамырлары кенейеді (тері
гиперемиясы) жүрекке түсетін салмақ ұлғаяды.
Калий мен хлоридтер азаяды. Бүйректің қан ағысының жылдамдауына байланысты
гиперкапнияның әсерінен газды ацидоз қосылады. Себебі, ацидоз гемоглобин мен
оттегінің байланыстылығын төмендетіп, оттегінің өкпеден тканьдерге тасымалдауын
тежеп, тіндегі демалыс құбылысын шектейді. Айтылған патофизиологиялық өзгерістер,
орталық жүйке жүйесі, жүрек, бауыр, бүйрек өте сезімтал болып келетін, оттегінің
жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Тін демалысының бұзылуы клеткалардың демалыстық
ферменттерінің активтілігінің әлсіреуіне байланысты.
Токсикоз гипоксиясымен қосылып, бала организмінің қорғаныс күштерін төменде-
теді, спецификалық иммунитетті әлсіретеді немесе толық тежейді. Мүшелердегі трофика-
лық және дегенеративтік өзгерістердің пайда болуына, эндогенді гипервитаминозға,
алмасу ауытқуларына және тағы басқа бұзылыстарға әкеліп, соқтырады. Жаңа туылған
сәбилердің және преморбидті жағдайы нашар балалардың иммунитеті әлсіз және
адаптациялық қорғаныс механизмі жетілмеген болғандықтан, пневмония өте ауыр және
ұзақ дамитын болып келеді. Ерте жастағы балалардың өкпе қабынуының морфологиялық
және рентгенологиялық көріністерінің әртүрлігі түсіндіріледі.
Бала организмінің реактивтілік қабілетінің өзгерістерін жастық және жекелік
ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 
Егер бала организмінің конституциялық-аллергиялық бейімділігі бар гиперэргиялық
реакциясы болса, туғаннан кейін-ақ жедел басталатын және күшті динамикалық круппоз-
ды (бөлікті, сегментті, көп сегментті) пневмония дамуы мүмкін. Егерде бала организмінің
реактивтілігі әлсіресе, онда емшек жасындағы балаға тән ошақты пневмониялар жиі пайда
болады. Балалар жедел пневмониясының жіктелісі 
73 кестеде
берілген.
73 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет