рентгенограммада жүректің сол бөліктерінің үлкейгені
және өкпенің қанға толықсып кеткені байқалады. Ақаудың екіншісі сатысында жүрек
мөлшері қалыпты немесе сәл солға үлкейген болады. Өкпе артериясының доғасы орташа
шығыңқылығы жүрек мықынының негізгі өзектің және өкпе артериясының сол бұтағының
кеңеюі нәтижесінде, тегістелуіне әсерін тигізеді. Аорта доғасының өрмелі бөлігінің аздап
кеңейгені байқалады. Өкпе гипертензиясы дамығанда жүректің оң бөлігінің үлкеюі өкпе
артериясының доғасының әжептәуір шығыңқылығы байқалады.
ЭКГ-де жүректің электрлік өсі қалыпты орналасқан немесе солға ауытқыған болады.
Т-тісшесінің амплитудасының үлкеюі және тіркемелерде тісшесінің пайда болуы сияқты
жүрек бұлшық ет гипертрофиясының ерте белгілері байқалады. Т-тісшесі сол кеуде
тіркеме Т-тісшесі биік, шың тәрізденеді.