Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет870/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   866   867   868   869   870   871   872   873   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Рентгенограммада
өкпе суреті және жүрек мөлшері екінші реттегі мүкісте қан
айналуының көлемімен анықталады. Көбіне кішірек мүкістерде орташа күшейген, ал сол
жақтан оңға қарай қан айдалу көп мөлшерде болатын жағдайларда жүрек түрі шар
тәрізденіп, кардиомегалия байқалуы мүмкін. Аорта жіңішке, сол жүрекше мен қарынша
кеңімеген, ал өкпе артерияларында, жүректің сол жақ бөліктерінің қалыпты түрінен
үлкейгені байқалады. Кейбір оң қарыншаның үлкейгені соншалық, тіпті жүректің ұшын
құрауға дейін барады.
Эхокардиография.
Екіншілік жүрекше аралық переднің мүкістігінің (ЖАПМ)
тікелей белгісі болып эхобелгілердің үзілуі және жүрекшеаралық перденің
атриовентрикулярлық қақпақтық бөлігінің дистальды жағында бос қырының болуы
есептеледі. Қосымша белгілер болып жүрекше деңгейінде қанның артериовенозды
құйылуы, жүректің оң бөлігінің ұлғаюы және оған шектен салмақ түсуінің белгілері, өкпе
артериясы арқылы өтетін қан ағымының жылдамдық көрсеткіштерінің артуы есептеледі. 
Емі.
Екіншілік ЖАПМ-де аурудың «белгісіз» сатыларында, ақаудың негізгі белгісі
аускультациямен және эхокардиграфиямен ғана анықталатын жағдайда оталық ем
жүргізілмейді. Клиникалық белгілері айқын білінетін, консервативті ем туа болған ақауды
компенсациялық сатыда ұстап тұра алатын жағдайларда, ақауды оталық қалыптастыруды
5-10 жаста жүргізген жөн. Терминальды сатыдағы, айқын өкпе гипертензиясы және
веналық-артериялық қан құйылу байқалатын науқастарға оталық ем жасалмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   866   867   868   869   870   871   872   873   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет