Электрокардиография . Аурудың ерте сатыларында жүректің электрлік өсі аздап
солға, содан кейін оңға ығысады. Жүректің оң және сол бөліктері гипотрофиясы
белгілерін, миокардта метаболикалық бұзылыстар, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің
бұзылыстар белгілерін анықтауға болады.
Эхокардиография . ҚАПМ-тің негізгі белгісі – пердедегі мүкістіктің анықталуы
(эхобелгінің үзілуі).
Доплер-эхокардиография айдалған қанның мөлшерін, бағытын,
қанның регургитациясының ағымының бар-жоғын, болса, өкпе гипертензиясның бар
екенін және оның деңгейін білдіретін, оның үш жармалы қақпаққа және өкпе
артериясының қақпағына қысымын көрсетеді. Жанама белгілер (жүрек қуысының және
529
олардың қабырғасының өзгеруі, көлемдік шектен салмақ түсу көрсеткіштері)
гемодинамикалық бұзылыстардың айқындылығын сипаттайды.