Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖҮРЕКШЕ АРАЛЫҚ ПЕРДЕНІҢ МҮКІСТІГІ



Pdf көрінісі
бет869/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   865   866   867   868   869   870   871   872   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

9.1.2. ЖҮРЕКШЕ АРАЛЫҚ ПЕРДЕНІҢ МҮКІСТІГІ
Жүрекке анатомиялық көзқараспен қарағанда,
жүрекшеаралық перденің
мүкістігінің
бірнеше түрлерін бөлуге болады:
530


1. Екінші реттік мүкістік – 60% жағдайларда кездесетін сопақша (овальды) шұқыр
аймағының мүкістігі, жоғары қуыс венасының сағағы жанындағы мүкістік 5%
деңгейінде кездеседі. Бірден 2-3 мүкістік байқалуы мүмкін.
2. Бірінші реттік мүкіс перденің төменгі 1/3 бөлігінде атриовентрикулярлық қақпақтың
үстінде орналасады. Бірінші реттегі мүкістік екінші реттегімен қосарлануы мүмкін.
Жекелеген бірінші реттегі мүкістік сирек кездеседі.
3. Жүрекшеаралық перденің болмауы – жалпы (бір) жүрекше. 
Гемодинамикасы:
Кішкене мүкістікте сол жүрекшеде қысым жоғары болып, сол
жақтан оңға қарай артериовенозды қан айдау байқалғандықтан, оттегімен қаныққан қан
веналық салаға жіберіледі. Бұл кіші қан айналым шеңберінде гиперволемияның пайда
болып, оң қарынша қуысының дилатациясына әкеліп соқтырады. Туғаннан кейін, 1-2
айдан соң, өкпелік қарсылық төмендеп, оң қарыншаның гипертрофиясы азайып, ол
көнгіштеу (бейімділеу) болады.
Жүйелік қарсылық арытып, сол қарынша қабырғасы қалындайды, диастолалық
босаңсу қабілеті төмендейді. Бұндай өзгерістер жүрекше деңгейінде солдан оңға қан
айдалуының артуына әкеліп соқтырады. Қан айдау ерекшеліктеріне сәйкес бұл ақауда
негізгі салмақ оң жақ бөлікке түседі.
Клиникасы:
Қайталанып соғатын ЖРВИ және пневмония байқалып, тынысы жиіліп,
тез шаршағыш болып, жүрек аймағының ауруы байқалады. Жүрек шекарасын оңға қарай
кеңейеді, сол жақ 2-3 қабырғааралықта орташа қарқында онша қатты емес, көбіне
шалқасынан жатқанда жақсы естілетін систолалық шу байқалады. Ол, әсіресе бір жасқа
дейінгі балаларда, функциялық шуға ұқсас болып келеді де, ақаудың кеш анықталуына
әсерін тигізеді. Жасына байланысты (әдетте 5-7 жасында) шу күшейіп, кейде (жиірек)
қысқа мезадиастолалық шу қосылып, диагнозын анықтау мүмкіншілігін жеңілдетеді.
ЭКГ
-де жүректің электрлік өсі оңға ығысады, оң қарынша шамадан тыс күш түсуі,
оң жүрекшенің гипертрофиясы, миокард метаболикалық бұзылыстары және Гисс
будасының оң тармағының толық емес блокадасының белгілері байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   865   866   867   868   869   870   871   872   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет