психологиялық сәйкес болған жағдайда ғана бала қалыпты дамып, дұрыс әлеуметті-
психологиялық қалыптасады. Бұл жағдайда изосексуальдылық деп атайды. Жыныстық
қалыптасуының аномалиясында бұл сәйкестік болмайды және ол жағдайды анықтау үшін
«гетеросексуальдылық» немесе «интерсексуальдылық» деген терминдер қолданылады.
Жыныстық даму құбылысын бақылаған кезде дәрігер пубертаттық өзгерістердің
пайда бола бастауын бағалайды. Қыз балаларда жыныстық жетілу 8 - 8,5 жасынан ерте
біліне бастайды, ал ер балаларда 10 - 10,5 жасында басталады. Егер одан да ерте біліне
бастаса, баланы арнайы эндокринологиялық тексеруден өткізу керек. Отбасылы тұқым
қуалайтын, кеш басталатын жыныстық жетілуді, ауру деп санауға болмайды. Ер балаларда
14 жасқа дейін, қыз балаларға 12,5 - 13 жасқа дейін кешігеді.
Достарыңызбен бөлісу: