Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет578/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   574   575   576   577   578   579   580   581   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2.4.7. ҚҰРСАҚІШІЛІК ИНФЕКЦИЯЛАР
365


Құрсақ ішілік инфекция қазіргі уақыттағы неонатологияның ең маңызды және әлі
толық айқындалмаған мәселесі болып табылады. Соңғы кезде перинатальдық аурушаңдық
және өлімнің себептерінің ішінде құрсақ ішілік инфекцияның үлесі өсіп отыр. Соңғы
мәліметтер бойынша перинатальды өлімнің ішінде құрсақ ішілік инфекциянның деңгейі
28-65%.
Тәжірибеде өте жиі ұрыққа микроорганизмнің құрсақ ішілік инфекцияның енуімен
байланысты бірдей клиникалық жағдайда акушер гинекологтар мен неонатологтар әртүрлі
терминдер қолданады (құрсақ ішілік инфекция, құрсақ ішілік инфекциялану және
пренатальды инфекция). Ол түсініктерді шатастыруға болмайды.
Біріншіден, «құрсақ ішілік инфекциялану», «құрсақ ішілік инфекция» деген
түсініктерді ажырата білу керек. 
«Инфекциялану» термині тек қоздырғыштың макроорганизмге енуімен және ана-
ұрық жүйесінде иммунитеттің қорғаныш механизмдері жинақталуымен түсіндіріледі. Бұл
жағдайда аурудың клиникалық көріністері айқындалмайды. 
Сондықтан, «инфекциялану» термині инфекциялық зақымданудың әлі жүзеге
аспаған уақытша фактор екенін көрсетеді. Бұл термин жаңа туған нәрестеде инфекциялық
аурудың клиникалық көріністері жоқ болған кезде, ал анамнезде инфекциялық қабыну
процесінің жүзеге асу қаупі жоғары жағдайда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   574   575   576   577   578   579   580   581   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет