Арнайы алдын алу.
Жүктiлiктiң 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына, күн сайын
400-500 ХБ-тен Д витаминiн бередi. Жүктiлiктiң соңғы 3-4 айында гендевит
поливитаминiн күнiне 1-2 дражеден беруге болады (бiр дражеде 250 ХБ Д
2
витаминi бар).
Жасы 35-тен асқан, сонымен бiрге жүрек-қантамырлары жүйесiнің дертi бар жүктi әйелге
Д витаминiмен рахиттiң алдын алуын жүргiзуге болмайды.
2).
Рахиттің постнатальды алдын алу
. Рахит ауруымен күресте міндеттi түрде
табиғат факторларын барынша мол және дұрыс пайдаланган жөн: күн, ауа және су,
сондай-ақ уқалау мен гимнастика. Рахиттiң алдын алуда тиiсiнше тамақтандырумен бiрге
баланы дұрыс күте бiлу және режим сақтау маңызды орын алады.
3).
Арнайы алдын алу
. Балаларда рахиттің арнайы алу жұмыстары 2 жетiден бастап
жүргiзiлуі қажет. Д витаминiнiң мөлшерi тәулiгiне 400-500 ХБ болады, күз-көктем
кездерiнде сәбидiң алғашқы және екiншi жасында оны В
1
С(0,03) және В
2
(0,001),
В
5
(0,ООЗ) витаминдерiмен қосып, айына екi жетi бойы бередi. Д витаминiн берудi УКС
тағайындаумен ұштастырады (15-20 рет).
Мезгiлiне жетпей туған немесе қолайсыз жағдайда тұратын сәбилер үшiн Д
витаминiнiн әр күндiк мөлшерi 600-800 ХБ. Кей сәбилерде Д-витаминiне жоғары
сезiмталдығы болатынын ескерiп, 2-3 жетiде Сулкович сынамасын жасайды, егер онын
мәні +++ болса, Д витаминiн берудi тоқтатады. Рахиттің алдын алу жолында
эргокальциферолдың майлы ерiтiндiсiн немесе дражесiн, видеин, видехолды қолданады.
Сәбилер үшін шығарылатын өндiрiстік тағамдардың құрамына Д витаминін
араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: