Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет649/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   645   646   647   648   649   650   651   652   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Болжамы.
 
Әдетте жаман емес. Сақтық тиісті ем жасау, ақыл-ойы дамуын қадағалау
қажет.
ІV ТАРАУ
КОНСТИТУЦИЯ АНОМАЛИЯЛАРЫ (АУЫТҚУЛАРЫ)
Конституция аномалиялары

функциясы мен заттек алмасуы тепе-теңдiгiнiң
тұрақсыздығы, ал, организмнiң өзі тұқым қуалаушылық, іштен бiткен, кей жағдайда
жүре пайда болған жеке-дара қасиетiмен қалыпты әсерлерге пара-парсыз жауап беруге
әзiрлiгi, сыртқы зиянды әсерлерге патологиялық жауап беруге, кейбiр ауруларға
бейiмдейтiн және аурулардың неғұрлым ауырлау өтуiне жол ашатын организмнiң ерекше
күй-жағдайы
.
«Диатез» терминi негiзiнде («бейiмдiлiк» түсiнiгiне сейкес келедi, ол «конституция
ауытқулары» туралы түсiнiкке қарағанда ықшамырақ). Диатезге Ю.Е. Вельтищев полиген-
дiк-мультифакториалдық жолмен тұқым қуалайтын ауруларға бейiмдiлiк, шынайы түрде
408


қалыпты фенотиптен түрлi ауытқулар деп анықтама бередi. Ол диатездердi: тұкым қуалай-
тын аллергиялық, дисметаболикалық, ағзалық және нейротопикалық деп 4 түрге бөледi.
Педиатрияда осы ғасырдың 20-ші жылдарынан бастап 4 түрлi диатез белгiлi:
экссудативтi-катаральдық, лимфатикалық-гипопластикалық, нервтi-артриттiк және
аллергиялық. Шынында, алғашқы үшеуi конституция ауытқулары. Олар жетiлу кезiнде кей
жүйелерге аса зор салмақ жүктелуiне байланысты туатын («зорығу») организм
функциясының ауытқуы. Тек қана атопиялық диатез өз атына дәл жауап бередi. 
Көрсетiлген конституция ауытқуларын (диатездердi) арнайы бөлiп қарау, оларға жеке
диагноз қою, сәби және мектеп жасына дейiнгi балалардың белгiлi жағдайын тiкелей
көрсету, осыған байланысты, оларды тиiстi тамақтану, режим, алдын ала егу және емдеудi
кешендi ұйымдастыру үшiн керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   645   646   647   648   649   650   651   652   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет