Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЭКССУДАТИВТI-КАТАРАЛДЫ ДИАТЕЗ (ЭКД)



Pdf көрінісі
бет650/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

4.1. ЭКССУДАТИВТI-КАТАРАЛДЫ ДИАТЕЗ (ЭКД)
«Экссудативтi диатез»
(ЭД) түсiнiгiн 1905 ж. А. Черни кiргiзген.
Ол терi мен
шырышты қабаттардың қайталамалы инфильтративтi-дескваматозды зақымдануына
бейiмдiлiгін, аллергиялық реакцияның дамуы мен қабыну процесстерiнiң созылыңқы
ағымын, лимфоидтық гиперплазиясын, су-тұз алмасуының тұрақсыздығымен
ерекшеленетін сәбилер реактивтiлiгiнiң өзгеше жағдайын сипаттайды. 
Алғашқы 2 жаста балалардың 40-60%-да ЭКД немесе экземаның белгiлерi
байқалады. Ол (20-25%) кейiн аллергиялық ауруларға ауысуы мүмкiн (атопиялық
дерматит, бронх демiкпесi, поллиноз және т.б.).
Этиологиясы.
Педиатрлардың көбi ЭКД этиологиясы мен патогенезінде басты
рөльдi аллергияға бередi. Дегенмен, ЭКД-дiң дамуы көбiнесе тұқымқуалаушылыққа
байланысты. Жас кезiнде аллергиялық аурулар мен ЭКД көрiнiстерi байқалған ата-ана
балаларында осы диатез дамиды. Бұл НLА жүйесiнiң өзгерiстерiмен де ұштасады. 
Белокты ыдырататын ферменттердiң жеткіліксiздiгi, iшек қабатының жоғары
өткiзгiштiгi, А класстық секреторлық иммуноглобулин түзiлуiнiң белсендiлiгiнің кемдігі
(үлкендерге қарағанда 5-10 есе кем) салдарынан сәбилер iшегiнiң кедергілiк қабiлетi
төмен болады. Сондықтан да жасанды тамақтанатын бір жасқа дейiнгi балалардың 50-
80%-да сиыр сүтiнiң G-глобулинi немесе қарсы антиденелер табылады. 
Балалардың көпшiлiгiнде ЭКД иммундық емес (аллергиялық), яғни оларда
аллергиялық реакцияның жедел ағымды алғашқы иммундық фазасы болмайды да, ал
патохимиялық, патофизиологиялық фазалары дамиды. Бiр жағынан, бұл гистаминнің семiз
клеткалардан аса көп түзiлiп бөлiнуiнен (либераторлық вариант), екiншi жағынан оның
инактивацияға жеткiлiктi ұшырамауынан (гистаминоздық вариант) болуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет