(нозологиясы) неше түрлi болуы мүмкiн. Баланың өсiп-жетiлуi, тамақтануы,
басынан
өткерген аурулары, егуге, түрлi дәрi-дәрмектерге бiлiнген реакциялары туралы мұқият
алынған мәлiмет – диагноз қоюдың тиiстi шарты. Аллергияға бейiм қатерлi топқа жататын
отбасыларындағы балалардың иммуноглобулиндер деңгейiн анықтау (әсiресе Е) керек,
бұдан
басқа гистамин, ацетилхолин ингаляциясына, физикалық жүктемеге деген
реакцияларын да тексерген жөн. Емхана, ауруханада бұл бала құжатынын (№112 ф.,
сырқатнама) алғашкы бетiнде қызыл қарындашпен аллергиялық реакция тудырған тағам,
дәрi -дермек аттары көрсетiліп, асты сызылғаны жөн.
АД диагнозын нозология ретiнле пайдалану дұрыс емес. Ол тек реактивтiлiктiң
конституциялық
ерекшелiгi, яғни аллергиялық реакциялар немесе аурулар дамуына
дайындықтың бары.
Алдын алу.
Бұл балаларда ауыр аллергиялық реакциялар мен ауру дамуының алдын
алу кешендi түрде және тiптi антенатальдық кезеңнен басталуы тиiс: жүктi әйел
«аллергиялық отбасынан» болса, оның тамақ құрамынан аллергиялық реакция шақыратын
трофоаллергендер, дәрi-дәрмектер аласталуы қажет.
Мұндай балаларды емханада бақылау негiзi:
1) мiндеттi түрде «тамақ күнделiгiн» жүргiзу;
2) табиғи тамақтану мерзiмiн барынша созып, шырындарды (З айдан бастап), қосымша
тамақты кешiрек (6-7 айдан) енгiзу. Сенсибилизациялаушы
әсерi жоғары шырын,
қосым-ша тағам тамақ құрамында болмауы тиiс. Сары, қызыл түстi жемiс
шырындарын бермеген жөн. Жасанды, қосымша тамақтануда АД-i бар балаларға
ашытылган сүт тағамдарын пай-далану тиiмдi, жылына 1-2 рет бифидумбактеринмен
дисбактериоздың алдын алу керек;
3) бiр жастан кейiн құрамында облигатгы аллергендер (жұмыртқа, балық, шоколад,
какао, кофе, цитрус, ананас, банан, қара қарақат, таңқурай, бал, жаңғақ), экстрактивтi
заттар, тұздықтар,
тәтті заттар, консервi, ащы және тұзды тағамдар мүлдем
болмайтын диета тағайындалады;
4) үйде аллергияны бәсендететіндей (гипоаллергендiк) жағдай ұйымдастыру: үй үшiн
күнiне кемiнде 2 рет тазалау; хайуанаттар, аквариум, гүл болмағаны жөн; линолеум,
едендi лакпен бояу, кiлем ұстауга,
кiтаптарды ашық қоюға, бала бар кезде
синтетикалық заттармен кiр жууға болмайды, сондай-ақ қауырсын, түбiтi бар төсек-
орын болмауы керек;
5) алдын-ала егу жоспарын жекешелеу, егу алдында
арнайы емес гипосенсибили-
зациялық ем жасау. Мүмкiндiгiнше, антигендерi аз, арнайы вакциналар қолдану;
6) облигатты дәрiлiк аллергендердi (пенициллин, биопрепараттар) қолданбау; қандай
да болмасын ауруға беретiн дәрi құрамын мейлiнше азайту;
7) созылмалы инфекция, дискинезия, анемия, рахит,
гельминтоз, гипотрофия,
дисбактериоз ошақтарын ерте анықтап, бiрден сауықтыру.
АД- і бар балаларға егу тек аллергоз асқынуынан 6 ай өткен соң ғана жасалады. Егу
алдында мiндеттi түрде созылмалы инфекция ошақтарын консервативтi түрде жойып,
анемия, рахит, гипотрофия т.б. емдейдi. Егуден 2 апта бұрын, 0,01 г/кг есебiнен, күнiне З
рет глютамин қышқылы 0,1 г, 2 рет метацил, 0,01 г, 2 рет пиридоксин, 0,05-0,1 г, 2 рет
кальций пантотенаты, 0,001-0,002 г, 2 рет В
1
, В
2
витаминдерi, 0,3 г 2
рет С витаминi
тағайындалады. Егуден 2-3 күн бұрын және соңынан 7-10 күн бойы жасына сай мөлшерде
антигистаминдiк дәрiлер беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: