Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет660/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   656   657   658   659   660   661   662   663   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрiнiсi.
ЛгД-i бар балалар бозғылт, болбыр, енжар, iсiңкi, салмағы
артық, тiндер тургоры төмен, терiсi бос, бұлшыкеттерi нашар дамыған, тонусы төмен
болады. Бойы жасына сәйкес немесе аяқ-қолдың ұзындығы есебiнен артық. Мойын қысқа,
сүйектi, бiрақ жауырыны тар, кеуденiң жоғарғы апертурасы қысынқы, қабырғалары
горизонтальды орналасады, genu valga pedes рlапi. Бала тез шаршайды, ұзақ, қатты
әсерлердi көтермейдi. Дизэмбриогенез стигмалары көптеп анықталады. Жалпы, бұл
балалардың денсаулығы нашар болады.
Диатездiң ең көрнектi белгiсi – лимфа түйiндерi мен айырша бездерi көлемiнiң
едәуiр, әрi тұрақты ұлғаюы. Бұл мезентериалдық, медиастиналдық, жұтқыншақ, таңдай,
мұрын-кеңiрдек, бадамша бездерiнде де байқалады. Мұрын-кеңiрдек бездерiнiң
аденоидтық ұлғаюы мұрынмен тыныс алуды қиындатып, созылыңқы ринитке әкеледi, бет
көрiнiсi ерекше аденоидтык түр-сипат алады, мидың қанайналысы нашарлайды (себебi
демдi iшке тартқанда мұрын iшiндегi қысым ауытқулары мидың кей жерiне қанның
«сорылып» жетуi үшiн белгiлi бiр көмегiн тигiзедi). 
415


ЭКД-ге тән терiлiк өзгерiстер бұл конституция ауытқулары бар балаларда да
кездеседi. Олара респираторлық аллергоздар тен болғанмен, терiдегi өзгерiстер онша
айқын көрiнбейдi.
Екiншiлiк иммундық дефициттi иммунопатия ЛгД-i бар балада жоғары инфекциялы
индекспен анықталып, олар «жиi ауыратын балалар» тобына кiредi. Васкулит, артрит,
миокардиттер сияқты иммундыкомплекстi ауруларға бейiмдiлiк болады. 
Бұл балаларда жоғары тыныс жолдары оңай қабынып, ауыр әрi ұзаққа созылады, осы
кезде жиi нейротоксикоз дамып, микроциркуляция бұзылады. Кейде жүрегi кiшкентай,
тамшы тәрiздес, кейде оның көлемi үлкейiп кетедi, жүрек ұшында акцидентальдық
систолалық шу естiледi. Кейбiр жағдайларда қолқа доғасының гипоплазиясы, жүректiң
iштен бiткен ақаулары табылады. 
Шеткерi қан сынағында лимфоцитоз, моноцитоз анықталады, құрамында Fс-рецеп-
торлары бар лимфоциттер саны көбейедi. Басқа лабораториялық зерттеулерде: қанда
глюкоза мен 17-ОКС төмен, холестерин және фосфолипидемия; дисиммуноглобулинемия
(IgА, IgG), төмен), Т және В-лимфоциттер саны аз, гормондар диссоциациясы болады. 
ЛгД-i бар балаларда туберкулез баяу ағымды строфулюс түрiнде бiлiнедi:
фликтенулездiк конъюктивит, айқын түйiндерi мен жаралары (фликтендер) бар кератит –
бала жарыққа қарай алмай, көзiнен жас ағып, блефаритке қоса тұракты ринит, iрiндi отит
пен мастоидит дамиды, құлақ төңiрегi, мойын, жақасты бездерi мен оларға қатысты лимфа
түйiндерi үлкейедi. 
Кейде ЛгД-бен ЭД бар балалардағы субфебрилитетте инфекция ошақтары табыл-
майды, бұл жағдайда оның шығу тегi орталық (нейроэндокриндiк) деп есептеледi. ЛгД-дiң
айкын көрінісi, әдетте, 3-6 жастарында байқалады. Кейiннен ол бiрте-бiрте көмескiленiп,
тiптi жоғалады, бiрақ, бұл балаларда жыныс дамуының кешеуiлдеуi ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   656   657   658   659   660   661   662   663   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет