Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет794/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   790   791   792   793   794   795   796   797   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі:
ТА-ның клиникалық белгілерінің дамуын 3 кезеңге бөлуге
болады:
1. Клиникалық белгілердің тағаммен пайда болуы және элиминациялық шаралардың
айқын нәтижелелігі (клиникалық белгілерінің толық жойылғанша);
2. Тағамға тәуелді созылмалы ағымы: клиникалық белгілердің айқындылығы
аллергендік ем дәмге байланысты, бірақ ұзақ уақыт элиминация шараларын
қолданған күнде де тұрақты ремиссияға қол жеткізу мүмкін емес;
3. Толық тағамдық тәуелсіздік. Қалыптасқан созылмалы ауру екіншілік патогенетика-
лық тізбектердің қосылуынан әрі қарай дами береді. 
ТА-да ішек-қарын жолдарының зақымдалуының клиникалық көріністері
процесстің орналасуы мен баланың жасына байланысты. Ерте жастағы балалар үшін
процесстің жеделдігі мен жайылмалылығы тән. Клиникалық айқын гастроинтестиналық
синдром 1 жасқа дейінгі балаларда 1,9%-да кездеседі. Бұл кезде диарея, құсу, іштің
ауруы, колит көріністері, нәжіспен энтероциттердің жоғалуы жүреді.
Бір жастан асқан балаларда жиі жеделдеу, созылмалы ағымды, айқын жергілікті
зақымдалулармен білінеді. Іштің ауруы тағамдық аллергияның барлық жастағы
балаларда ең жиі болып келеді. Іштің ауруы тағамдық аллергияда кіндік аймағында,
қысқа уақытқа созылатын, дискинетикалық жағдайлармен байланысты түйілу түрінде
өтуі мүмкін. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну түзілген гистамин әсерінен болатын
гиперацидті жағдайға негізделген. Іштің ауырсыну себебі ішек-қарын жолдарының
жедел және созылмалы аллергияның зақымданулары (гастрит, дуоденит).
Тағамдық аллергияның ішек-қарын жолдарының жара ауруларында тудыратыныны
дәлелденбеген. Аллергиялық қабыну ішектің клегей қабатының микрофлорасының
біршама өзгерісіне әкеледі (бифидобактериялар саны азайып, ішек таяқшасы мен
энтерококктардың саны артады). Аурудың ұзаққа созылуы екіншілік ферменттапшылық
жағдайын тудырып, лактозаның мальабсорбция синдромына, глиадин (екіншілік
целиакия), экссудативті энтеропатияға әкеледі. Жиі холецистопатия дамиды, қарынасты
безінің ферменттерінің тапшылығы пайда болады, соның нәтижесінде ақуызды
антигендердің сіңірілуі күшейеді.
ТА-ның бірден-бір белгісі таңдамалы тәбеттің байқалуы болады. ТА-да баланың
терісінің зақымдалу жиілігі мен ауырлық дәрежесі жасына байланысты. Өмірінің
алғашқы жартыжылдығында ана сүтімен немесе жасанды қоректендендіргенде экзема,
шектелген атопиялық дерматит дамуы мүмкін. ТА-ға тән симптом Квинке ісігі мен
488


есекжем. Терінің жергілікті зақымдалуы өсімдік тектес тағамды қолданғанда дамитын
периоральды аллергия синдромы болады. IgE қатыспайтын тағамдық аллергияның бір
түрі герпетикалық дерматит. Ол глютенді энтеропатия белгілерімен қатар қышымалы
бөртпелердің болумен көрінеді. Жиі 2-7 жас аралығындағы балалар ауырады.
Эритроматозды полиморфты бөртпелер жиі тізе, шынтақ, иық, жамбас, бастың шашты
бөліктерінде пайда болады. Алақан, тілерсек аймағында геморрагиялық бөртпелер
болады. Тері, ішектегі өзгерістер глютеннің азаюына байланысты қалыптасады,
дегенмен терінің қалыптасу динамикасы ішек қызметінің қалыптасуынан қалыс қалады.
ТА-да тыныс жүйесінің бұзылыстары ринит, риносинусит, түрінде білінеді. 1 жасқа
дейінгі балаларда аллергиялық ринит сиыр сүті мен шырынға аллергия байқалғанда
болады. Ересек жастағы балаларда дәнді дақылдар маңыздырақ болып келеді. Ерте
жастағы балаларда ТА себепті маңызды тағамды қабылдағаннан кейін, бірнеше
минуттан кейін жедел дауыс желбезегіасты ларингитпен білінеді. ТА-да байқалатын
лимфоидты тіндердің гиперплазиясы аденоидиттің, созылмалы тонзиллитің дамуына
ықпал етеді. Бронхиальды астма салыстрамалы түрде сирек кездеседі. И.М. Воронцов
«екіншілік нысана астмасы» деген термин ұсынған, себебі бұл жағдайда тұншығу
ұстамасы аллергенді қабылдағанда, биологиялық активті заттардың дистанционды
әсеріне байланысты дамиды.
Аллергенмен аэрозольді қатынас нәтижесінен, балық исіне, жаңғақ аллергеніне
болуы мүмкін. Экзогенді аллергенді альвеолит тағамдық аллергендерге байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   790   791   792   793   794   795   796   797   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет