Болжамы қолайлы, тек анафилактикалық шок болғанда бала өміріне қауіп тууы
мүмкін.
Алдын-алу құрсақішілік сенсибилизация қаупін төмендетуден басталады. Жүкті
әйелдердің рационынан облигатты аллергендер мен өндірістік консервілінген
тағамдарды алып тастау керек. Олар тек ТА тудырып қоймайды, сонымен қатар
ұрыққада зиян. Сиыр сүтін шектеп, орнына сүтқышқылды өнімдерді қолдану керек.
Профилактиканың екінші жолы жаңа туған нәрестелерді өмірінің алғашқы
жылдары аллрегендерден қорғау болып табылады. Жүкті әйелдер қолданатын диета бала
емізетін аналар үшін де міндетті. Нәрестеге анасының емшегін мүмкіндігінше ерте беру
(туғаннан кейін 30 минут) өте маңызды. Табиғи тамақтанатын балаларда жасанды
тамақтанатын балаларға қарағанда ТА сирек кездеседі. ТА дамуы мүмкін қауіпті
топтағы балаларға қосымша тамақты кейінірек берген жөн. ТА бар балаларда алдын ала
екпелерді антигистаминді дәрілер қолданып, дайындау кезеңінен өткеннен кейін жүргізу
керек.