Диагноз көктем-жаз мезгілінде аурудың клиникалық белгілеріне негізделіп
қойылады. Риноскопияда мұрын клегей қабатының бозғылт немесе көкшіл түсі
анықталады, төменгі мұрын қуысының үлкеюі байқалад. Поллиноздың клиникалық-
анамнестикалық белгілерінің болуы аллергологиялық зерттеу (гүлдеу кезеңінен тыс кезде
жүргізіледі) жүргізу үшін негіз болады. Түзілетін жеріне қарамастан аллергенарнамалы Ig
E- антиденелер теріде, мұрын клегей қабаттарында және аурулар сарысуында біркелкі
орналасатын болғандықттан терілік скарификациялық сынамаларды және прик-тестер,
эндоназалды немесе конъютивальды қозыду сынамаларын (көрсеткіштері болса) қояды,
жалпы және арнамалы Ig E- ді анықтайды. Қозу кеінде мұрын секретінің жағындысында
көп мөлшерде (12% және оданда артық) анықталады.