ІІІ. Сенсибилизация спектірінің көлеміне қарай:
- моно- және олиговалентті (1-3 тағамдық) аллергия:
поливалентті;
қосарланған (қосақталған);
ІV. Клиникалық көріністері бойынша –
синдромдар мен аурулар беріледі (мысалы:
экзема, бронхиальды астма және т.б.).
V. Клиникалық көріністерінің фазасы бойынша:
- өршу;
- толық емес клиникалық ремиссия;
толық клиникалық ремиссия.
IV. Элиминациялық шаралардың кезеңдері бойынша:
қатаң элиминация;
мөлшерлеп аллергендер енгізу;
сандық шектеулер;
еркін тамақтандыру.
Тағамдық аллергияның дамуына бейімдейді:
тұқымқуалайтын ішек-қарын жолдарының созылмалы және аллергиялық
аурулары;
жүктілік кезінде жоғары аллергенді өнімдер (облигатты өнімдер) немесе анасының
бала кезінде аллергиялық реакция тудыратын тағамдарды қабылдауы; шектен тыс
сүт өнімдерін қабылдау, дәрі-дәрмектік ем (екі қабат әйелде гестоз немесе ішек-
қарын аурулары байқалғанда);
туғаннан кейін кеш емізуден нәрестенің өткінші дисбактериозының созылып кетуі;
бала емізетін ананың гипоаллергендік емдәмді сақтамауы;
ерте жасанды тамақтандыру;
ішек-қарын жолдарының созылмалы, жедел аурулары, ішек дисбактериозы, пайда
болған гиповитаминоздар (әсіресе, жиі А және Е, немесе/және мырыштың,
селеннің, мыстың, карнитиннің, тауриннің тапшылығы);
қоршаған ортаның күйзелістік (агрессивтік) әсері: ішетін судың өсіп келе жатқан
«жаугершілігі», радионуклеидтердің аз мөлшерінің ұзақ әсері, тағамдық өнімдерді
өндірістік консервілеу ксенобиотиктері ішек-қарын жолдарының кедергілік
функциясын төмендетеді және барлық иммунологиялық реттеуді бұзады, соның
салдарынан тағамдық толеранттылығының бұзылуы тереңдей түседі.
туа біткен және пайда болған секреторлық иммунитет тапшылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |