8.2. ТАҒАМДЫҚ АЛЛЕРГИЯ Тағамдық аллергия (ТА) – зат алмасу бұзылыстарына байланыссыз иммунологиялық реакциялар мен иммундық емес механизмдер арқылы (анафилактоидты
реакциялар түрінде)
биологиялық активті заттардың либрациясына негізделген қатерсіз (бұзылмаған)
тағамдық өнімдерді көтере алмау (жоғары сезімталдық).
Тағамға жоғары сезімталдық (көтере алмаушылық) тағамдық аллергияға қарағанда, кең
түсінік және ол келесідей жағдайларда туындауы мүмкін:
тұқым қуалайтын ферментопатиялар;
жүре пайда болған асқазан-ішек жолдарының аурулары;
- тағамға психологиялық реакциялар;
- бала организмінде инфекциялық агенттер мен токсикалық микробтардың болуы.
Жіктелісі (И.М. Воронцов бойынша):