Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет786/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   782   783   784   785   786   787   788   789   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Аллергиялық ринитте
риноскопияда мұрын кілегейінің көкшілдігін, ісінгенін,
ортаңғы және төменгі мұрын қуыстарының ісінуіне байланысты мұрынжолдарының
483


тарылғанын көруге болады. Анамнез, клиникалық көріністері, аллергологиялық зерттеу
қорытындысынан бөлек аллергиялық риниттің дәлелі болатын мұрын жағындысында
эозинофильдердің анықталуы. 
Аллергиялық ларингит
жиі үш жасқа дейінгі балаларда тағамдық аллергендерге,
сирек басқа да топ аллергендеріне туындайды. Әдетте ауру қайталамалы. Жиі түнгі
мезгілде өршиді. Қатаң, үрген тәрізді жөтел, дауыс қарлығуы дамиды. Жиі аллергиялық
қабынуға трахея мен бронхтарда ұшырайды (аллергиялық қайталамалы ларинготрахеит,
ларинготрахеобронхит). Көмей ісінуі даму мүмкіндігі жоғары. 
Аллергиялық трахеит
 
клиникалық көрінісі құрғақ қатты жөтел, жиі түнде өршиді
және төсартының ауырсынуымен жүреді. Азапты жөтелге қарамастан, баланың жағдайы
өзгере қоймайды. Пароксизмальды жөтел, құсу, бала жағдайының түнде өршуі көкжөтел
деп қате диагноз қоюға ұшыратады. Аллергиялық трахеиттің жиі себебі тұрмыстық
аллергендер. 
Аллергиялық обструктивті бронхит
төменгі тыныс жолдарының ауруына жатады.
Қазіргі күнде бұл ауру этиологиясы мен патогенетикалық механизмі демікпемен бірдей
болғандықтан бронхиальды демікпенің жеңіл түрі деп қарастырылады. 
Диагноз.
Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларының аллергиялық немесе
инфекциялық екенін ажырату қиын. Кейбір анамнездік, клиникалық, лабораториялық
ажырату белгілері төмендегі кестеде 
(78 кесте)
берілген:
78 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   782   783   784   785   786   787   788   789   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет