Емі.
Респираторлық аллергоздардың барлық формасында себепші аллергендерді
мүлдем аластауға ұмтылу қажет. Жоғары тыныс жолдарының аллергиялық аурулары
өршіген кезде балаларға антигистаминді дәрілердің І буынын (тавегил, супрастин,
диазолин, фенкарол), ІІ буын препараттарын (зиртек, кларитин, семпрекс, гисталонг,
кестин) немесе ІІІ буын препараттарын (телфаст) тағайындайды. Айқын мұрын
бітелуінде симпатомиметикалық әсерлі деконгестанттар (галазолин) қолданады. Бұл
препараттармен емді 5-7 күн жүргізеді, ұзақ қолданса, мұрын кілегейінің ісінуімен
жүретін «рикошет» синдромын дамытады. Жаңа тамыртарылтатын препараттар
(отривин, африн, ксимелин, називин, тизин) соншалықты агрессивті емес, бірақ оларды
да сол себепті 2-3 аптадан артық қолданбайды. Деконгестантты және антигистаминді
препараттарды бірге қолдану тиімді (ринопронт). Антигистаминді препараттарды
жергілікті қолданған дұрыс: аллергодил, гистимед.
Қайталамалы аллергиялық ауру кезінде және бронх демікпесінің алдын алу
мақсатында 0,0005-0,001мг/кг кетотифен, зиртек (цетиризин) 2 қабылдауға, 2-6 жастағы
балаларға – 5мг (10 тамшы) 1 рет тәулігіне немесе 1,5мг 2 рет тәулігіне, 6 жастан үлкен
балаларға – 10мг тәулігіне, үш айлық курс.
Аллергиялық ринит және аденоидтар гиперплазиясы кезінде ломузол, кромогексал
немесе басқа да натрий кромогликаттың интраназальді түрлерін мұрынға тамызады.
Аллергиялық риниттің ауыр формаларында глюкокортикоидтардың назальді спрейлер
түрін қолданады (фликсоназ, назонекс, тафи назаль). Респираторлы аллергоздары бар
балаларда аденоидтарды хирургиялық алып тастауды тек консервативті ем нәтижесіз
болғанда ғана қатаң көрсеткіштер бойынша жасайды: мұрынмен тыныс алу мүлдем
болмағанда ІV дәрежелі гиперплазиясы, қайталамалы іріңді отит және синусит. Себебі,
аллергозы бар балаларда аденоидтарды алып тастағанда, бронх демікпесі дамиды.
Аллергендердің кез-келген түріне сезімталдық болғанда қабыну ауруларын, АҚЖ
ауруларын, дисбактериоз, орталық және вегетативті жүйке бұзылыстарын
диагностикалап, емдеу қажет.
Аллергенарнамалы иммунотерапия
– поллиноз бен респираторлы аллергоздарды
ингаляциялық моносенсибилизация арқылы емдеудің тиімді әдісі. АСИТ респираторлы
аллергияның ерте кезеңінде өршудің және бронх демікпесінің алдын алады. Көп жағ-
дайда себепші аллергеннің су-тұз экстрактын парентеральді енгізеді. Поллинозда
пероральді енгізуге де болады. АСИТ-те аллергендігі төмен, бірақ иммундық белсен-
ділігі бар аллергоидтар қолданылады. АСИТ жүргізген соң (үш курстан – жылына бір
курс аз емес) жалпы IgE және арнамалы IgE-антидене мөлшері азаяды. АСИТ қымбат
және қауіпсіз ем. Оны аурудың ремиссия сатысында аллерголог дәрігер жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |