Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет804/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   800   801   802   803   804   805   806   807   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

8.4. АТОПИЯЛЫҚ ДЕРМАТИТ
Атопиялық дерматит (АД)
созылмалы аллергиялық ауру, оның негізінде Ig
тәуелді тері қабынуы мен сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге терінің табиғи
реакциясын бұзатын гиперреактивтілік жатыр. 
Этиологиясы.
АД дамуында тұқым қуалайтын бейімділіктің бар екені сөзсіз. АД бар
балалардың 60%-ның ата- аналарында да осы ауру болған. Ерте балалық шақта көбіне
этиологиялық фактор тағамдық аллерген. Үй жағдайындағы шаң, эпидермалды,
саңырауқұлақ, бактериалды және вакциналды аллергендердің себеп болуы да мүмкін.
Қазіргі күнде АД бар балалардың тері созылмалы қабынуындағы St. Aureusтің рөлі
зерттеліп жатыр. 
Аллергиялық емес факторларға жататындар:

психоэмоциональды жүктемелер

метеожағдайлардың өзгеруі

поллютанттар

ксенобиотиктер
Климаттық жағдайлардың теріс әсері (тым жоғары немесе төмен температура), тері
күтімінің бұзылысы (дөрекі киімнің, химиялық заттардың, ыстық судың тітіркендіргіш
әсері), нашар тұрмыс жағдайы (төмен ылғалдылықтағы жоғары температура), вакцинация,
инфекциялық аурулар себеп фактордың әсерін ушықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   800   801   802   803   804   805   806   807   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет