Диагноз. Тиянақты жиналған анамнездің маңызы өте зор. Иммундық жауаптың
әртүрлі болуы, белгілі антигендердің болмауы (дәрінің организмде метаболитикалық
өзгерістеріне байланысты) диагностикалық тесттер қолдануды тиімсіз етеді. Терілік
сынама жасау науқас үшін қауіпті.
Лабораториялық тесттерге жатады: пенициллинге, ко-тримоксазолға, миорелаксант-
қа, инсулинге арнамалы IgE-антиденені (РАСТ) анықтау; арнамалы IgG және IgM анықтау;
лимфоцит бласттрансформациясы реакциясын; дәрілік заттар әсерінен белсенген семіз
жасушалардан босанған триптазаны анықтау.
Тері сынамасы мен лабораториялық зерттеулердің қорытындысы оң болуы науқастың
қауіп тобына жатуын дәлелдейді, бірақ теріс нәтиже дәріге клиникалық реакцияның
болуын жоққа шығара алмайды.