Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет822/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі.
Айқын жергілікті реакция үлкен ісікпен, эритемамен көрінеді
(d>10см), 24 сағат сақталады. Сонымен бірге, жедел аллергиялық реакцияның басқа да
белгілері дамуы мүмкін: есекжем, ангионевротикалық ісік, беттің қызаруы, лоқсу, құсу,
жұтқыншақ, дауыс желбезегінің, көмейдің, трахеяның ісінуі, бронхоспазм нәтижесінде
тыныс алудың қиындауы, іште ауырсыну, диарея, артралгияның пайда болуы.
Анафилактикалық шок (АШ) – ауыр аллергиялық реакция. Ол дененің кез келген
жерін жәндіктер шаққанда дамиды, бірақ бас пен мойыннан шаққанда даму мүмкіндігі
жиілейді. Көп жағдайларда АШ белгілері алғашқы он бес минутта дамиды, бірақ кейде
баяу дамуы да мүмкін. Анафилактикалық шок клиникалық көрінісі төменде берілген.
Бірінші шаққанда реакция неғұрлым ауыр болса, оның қайталауы соғұрлым жоғары.
7-12 күн өткен соң сарысулық ауруға ұқсайтын реакция дамуы мүмкін.
Диагноз анамнезге негізделеді. Терілік сынаманы ара және сона уының
сығындыларымен жүргізеді. In vitro IgE анықталуы мүмкін.
Емі.
Арнамалы емес белгілеріне сәйкес ем тағайындайды. Жергілікті салқын
компресс, қышынуға, қабынуға қарсы майлар, ішуге антигистаминді, стероидты емес
қабынуға қарсы дәрілер қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет