Инфекциялық бейімділігі.
Бронхиальды астма ұстамасының тыныс жолдарының
жедел инфекциялық зақымдалуымен, қайталама және созылмалы тыныстық инфекцияның
өршуімен байланысты болуымен анықталады.
Жүйкелік (психогенді) тәуелділігі
әдетте дерт ұзақ, қатал дамығанда пайда болады,
тұншығу ұстамасы жүйкелік жарақаттармен, жүйкелік күйзелістермен байланысты
болуымен сипатталады.
Балалар бронхиальды астмасының жіктелісі бойынша аллергиялық және
инфекциялық-аллергиялық түрлерін бөледі.
Аллергиялық түрі.
Экссудативті диатезбен ауыратын, жанұялық анамнезі
асқынған балаларда кездеседі. Аллергендер әсер еткен кезде, қапыл ұстамалы ентігу
басталады.
«Аллергизация» кезеңі болмайды немесе жасырын өтеді.
Инфекциялы-аллергиялық түрі
баяу дамиды. Міндетті түрде жедел
респираторлы аурудан кейін немесе созылмалы инфекция ошақтарының өршуінен кейін
басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |