Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.
Этиологиясы
Ішек таяқшасы (60-80% жағдайында), сирегірек болса да стрептококк, стафилококк, протен жетекші маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызады. Несеп жолдарының қабынып ауруы көбінесе экссудаттық-қатаралдық диатезбен, гипотрофиямен, ас қорытуының бұзылуымен ауыратын балаларда байқалады. Ауру үш жолмен: гематогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерінен шығатын жолдармен тууы мүмкін.